Ғалымдар мұрын өсіруді үйренді

Ғалымдар мұрын өсіруді үйренді

Лондон университетінің ғалымдары мұрын өсіріп шығаруды үйренді. Daily Mail-дың хабарлауынша, қатерлі ісіктің себебінен мұрнынан айырылып қалған 56 жастағы британиялық азамат дәрігерлердің арқасында жаңа мұрынға ие болды.

Ғалымдар алдымен емделушінің бетін сканерлеп, бет әлпетінің пропорциялары туралы бар мәліметті біліп алды. Содан соң, арнайы методика арқылы пробиркада пациенттің клеткасынан жаңа мүшенің негізі өсіріледі. Клетка дамып, жетіліп болғанша, адамның қол терісінің астына кішкене шар орнатылады. Шар уақыт өткен сайын үлкейіп, теріні соза түседі. Үш айдан соң шар алынып, тері астына пробиркада өсірілген шеміршек орнатылады. Тағы үш ай өткен соң адам қолында мұрын өсіп шығып, жүйке жүйесі орнына келіп, қан тамырлары пайда болады. Содан соң мұрын кесіліп алынып, адамның бетіне тігіледі.

Ғалымдардың айтуынша, осылайша емделуші жаңа мұрынға ие болып, бұрынғыша өмір сүре беретін болады.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: dailymail.co.uk