Firefox OS операциялық жүйесімен алғашқы смартфон жарық көрмек

Firefox OS операциялық жүйесімен алғашқы смартфон жарық көрмек

Mozilla компаниясы Firefox OS операциялық жүйесімен жұмыс істейтін смартфондарды сынақтан өткізіп жатыр.

Сынақтан өтіп жатқан смартфонның атауы Mozilla Developer Preview Phone. Экранының көлемі 3,5 дюймды. Алдыңғы бөлігіндегі камера 3 мегапиксельді, ал артқы бөлігіндегі камера 1 мегапиксельге лайықталған.  1 гигагерцті Qualcomm Snapdragon S1 жүйелік блогы да бар. Жедел жады 512 Мб болса, ішкі жады 4 Гб. Сондай-ақ жаңа смартфон microSD жадын да қолдайды. Қосымша бөліктерінен Wi-Fi және 3G бар.

Айта кетейік, қаңтар айының басында өткен технологиялық CES-2013 жәрмеңкесінде компания Firefox OS жүйесіндегі Techcrunch смартфонын таныстырған болатын. Алайда, девайста кейбір қосымшалар дұрыс жасамай, іске жарамсыз деп танылған. "Енді Developer Preview Phone смартфонында ол қателіктер қайталанбайды",-дейді Mozilla компаниясының қызметкерлері.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: kurs.ru 

Ю. НИКУЛЛИН