100 адам әлемді кедейліктен құтқара алады екен

100 адам әлемді кедейліктен құтқара алады екен

Өткен 2012 жылда пайда тапқан ең бай делінген 100 азаматтың қаржысының төрттен бір бөлігі ғана әлемді кедейліктен құтқара алады екен. Бұл мәліметті Oxfam кедейлікпен күрес қайырымдылық ұйымы берді деп хабарлайды ВВС.

Ұйымның мәліметіне сенсек, өткен жылда ең бай адамдардың жалпы табысы 240 миллиардқа жеткен екен. Ал әлеуметтік жағдай төмен орта күніне орташа 1,25 доллар ғана табады-мыс.

Oxfam – жер бетінің 90 мемлекетінде қызмет жасайтын, 15 ұйымның халықаралық бірлестігі болып саналады. Ұйымның негізгі мақсаты – кедейлік проблемасымен айналысу және әлемдегі әділетсіздіктің көзін жою. Ұйым Оксфорд қаласында 1942 жылы аштарға көмек көрсетуші комитет ретінде ашылған болатын.

Еске сала кетсек, Форбс журналының мәліметінше, 2012 жылы ең бай делінген алыптардың көшін бастаған мексикандық Карлос Слим Эллу еді. Оның байлығы – 69 миллиард долларға тең. Ол бұл қаржыны телекоммуникациялық бизнесі арқылы тапқан. Telefonos de Mexico компаниясының иегерінің соңынан әлемде 15 жыл бойы байлық жағынан үстемдік құрған, Microsoft компаниясының құрушысы Билл Гейтс ілесіп келеді. Ал үштікті қорытындылаған американдық атақты инвестор Уоррен Баффет өзінің 44 миллиард долларымен тәмамдап тұр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: hereford.virginia.edu

А. Құлтай