Кофеден қалай шай жасауға болады?

Кофеден қалай шай жасауға болады?

Шай мен кофе - ешкімді таңғалдыра қоймайтын үйреншікті сусындар. Сусын демекші, бұрын-соңды өміріңізде "кофеден" жасалған шайды ішіп көріп пе едіңіз? Кофе жапырақтары...

Қышқыл қасиеті жоқ, бірақ, қою болмағанына қарамастан мұрын жарар иісі бар шайдың адамға әкелер пайдасы ұшан-теңіз болып отыр. Бұлай деп ғалымдардың соңғы зерттеуінде айтылуда. Олардың айтуы бойынша, кофеден жасалған шайдың құрамында көптеген пайдалы заттар бар. Мысалы, құрамында кездесетін бір дәруменнің өзі жүрек ауруы мен қант диабетіне мың да бір шипа екен.

Аталған сусында кофеин мүлдем жоқ деуге болады. Өз кезегінде ісініп-қызғанды қайтара алатын қасиетке ие. Соған қарамастан кофе жапырақтары әлі күнге дейін елеусіз қалып келе жатыр.

Қазіргі адамдар кофе бұршағын тәуір көретін секілді. Сонда да, мұндай сусынның дәмін татып көріп пе едің?

сурет:gorod.lv

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига