Asus әлемдегі ең арзан планшетті шығаруда

Asus әлемдегі ең арзан планшетті шығаруда

Asus компаниясы MeMO Pad планшетін таныстырды. Бұл жаңа планшеттің бағасы бар болғаны 149 доллар тұрады. Бұл әлемдегі планшет өндіруші компаниялар арасындағы ең арзан баға.

MeMO Pad планшеті Android 4.1 операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді. Құрастырушылар бұл құрылғы қосымша энергиясыз жеті сағат бойы жұмыс істейтінін айтты. MeMO Pad-тың көлемі 1024х600 пиксел.

Сондай-ақ планшет 1 Гц жүйелік блокты, 1 Гб-ты жедел жадты. Ал ішкі жады 8 Гб-тан 16 Гб-қа дейін болады екен. Алдыңғы бөлігіндегі камера 1 мегапиксель, артқы бөлігіндегі камера 9 мегапиксельге лайықталған.

Жаңа планшет ақ, көк және сары түсте шығатын болады. Қосымша бөліктерден тек Wi-Fi ғана бар. MeMO Pad планшетінің салмағы - 370 грамм.

Осы уақытқа дейін ең арзан планшет болып Asus және Google компанияларының бірігіп шығарған Nexus 7 планшеті болатын. Оның бағасы 199 доллар мен 249 доллардың арасын құраған. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: ixbt.com

Ю. НИКУЛЛИН