"Өмір деген қызық қой!"

"Өмір деген қызық қой!"

"Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой!".. Бүгін тағы да шартараптан жиналған ең үздік деректерді топтастырып отырмыз.

Элвис Пресли мектепте өтілетін пәндердің біреуінен ғана құлап қала берген. Ол - музыка.

Атақты "Оңай ғой, Ватсон!" («Элементарно, Ватсон») деген сөз тіркесі Шерлок Холмстің өмір-тарихын жазған Артур Конан-Дойльдың бірде-бір еңбегінде жоқ болып шықты.

Чипсының шығу тарихы мүлде күлкілі. Бірде мейрамханалардың біріне бас сұққан жолаушы аспаздың тапсырыс бойынша алып келген картоп тағамына көңілі толмай, бірнеше рет өтініп, ақыры аспаздың ашуын туғызады. Содан алқымға келген ашудың бір меселін қайтарып қалу үшін аталған аспазшы картопты тіптен жұп-жұқа етіп, қуырып алып барады. Таңғалғаны соншалық... Әлгінде ғана сұқ саусағын шошайтып отырған жолаушы тағамның дәмінен бас айыра алмаған. 

Бразилияның абақтыларында күзетші есебінде қаздар қызмет атқарады.

Кезінде қарындаш салған таңбаны, яки әріпті өшіру мақсатында нан тіліктері пайдаланылған.

Әлемдегі ең қысқа эскалатор Жапонияда орын тепкен. Аталған қондырғы адамдарды 83 сантиметр биіктікке дейін ғана көтере алады.

Әр елді-мекеннің сиырлары әртүрлі акцентпен мөңірейтін болып шықты.

Қытайда құны 1,5 миллион доллар тұратын ит өмір сүруде.

Жер бетіндегі әр 200-адам Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болып саналады.

Ангельман синдромы - сирек кездесіп тұратын генетикалық ауру. Мұндай жағдайда адам өз күлкісін тежей алмайды.

Бананның сыртық қабығы ішкі өнімнен де әлдеқайда пайдалы болып шықты. Мәселен, құрамында серотонин дәрумені көп болғандықтан, еш ойланбастан депрессия салдарында тұтына беруге болады.

сурет:farminfoservice.ru; libo.ru; nohit.ru; nedo4life.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига