Цукербергке жіберілетін хабарлама құны 100 доллар тұрады

Цукербергке жіберілетін хабарлама құны 100 доллар тұрады

Facebook компаниясы өз қолданушыларына әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукербергке 100 долларға хабарлама жіберуді ұсынып отыр. 

Бұл жөнінде осыған дейін компания қожайыны да айтқан болатын. Бірақ ол кезде Марк хабарлама құнын 1 долларға бағалаған еді. Енді міне, арада уақыт өте компания оның сөзіне түзету енгізіп, бағаны бірден 100 долларға көбейтіп отыр. Бірақ бұл - әлеуметтік желі бетіндегі жаңалықтарға қарағанда, Цукербергтің атына хабарлама жібергісі келетін қолданушылар санының өсуіне кедергі болмайтын сияқты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: interesnoe.boxworld.ru

Б. Қосмағамбет