15 жыл бойы қуаттамай қолдануға болатын телефон

15 жыл бойы қуаттамай қолдануға болатын телефон

Телефон базарының күн сайын дамып келе жатқан бәсекесінде жұрт талғамы батареяға да байланысты болып отыр. Бұл барлық телефон өндіру компанияларының бас қатырар мәселесі. 

Spare One телефоны біраз жұртқа танымал болса керек. Биылғы жылы өтетін CES көрмесінде бұл телефон тағы да таныстырылды. 

Тұңғыш нұсқадағы телефоны көптеген тұтынушылардың жақсы бағасына ие болғандықтан өндіруші компания (Xpal Power) тағы да кемелденген нұсқадағы Spare One Plus телефонын жариялады. Жаңа нұсқадағы телефон сол бұрынғы ерекшелігін сақтаған, яғни, 5-нөмірлі құрғақ батарея арқылы 15 жыл бойына зарядтамай қолдануға болады. Сонымен қоса бұл жаңа нұсқаға орын белгілу аппараты да орнатылған. 

Қазір бұл телефонның саудасы қызып тұр. Сол үшін де сатылым бағасы бұрынғы 59 доллардан 99 долларға көтерілген. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: runaroundtech.com

Қ. Қауымбек