Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ең қауіпті жәндік

Ең қауіпті жәндік

Ең қауіпті жәндік

Адам тарихында ұрғашы масалардың шағуынан (еркек масалар тек өсімдіктерді ғана тістейді) 45 миллиардқа жуық адам мерт болған. Маса (немесе үнсіз маса) адам өміріне қауіпті көптеген аурулардың: безгек ауруының, сары безгегінің, денге, энцефалит, филириатоз және элефантиаздың (піл ауруы) жұқтырушы және тасымалдаушысы болып есептеледі. Тіпті қазіргі күннің өзінде аталған жәндіктердің салдарынан әр он екі секунд сайын бір адам өмірден озып жатыр.

  ХІХ ғасырға дейін масаларды соншалықты қауіпті деп ешкім ойламады. Тек 1877 жылы Патрик Мэнсон дәрігер мен атақты «Москит» Мэнсон элефантиаз ауруы масалардың шағуынан пайда болатынын дәлелдеді.

Он жеті жыл өткен соң, 1894 жылы Мэнсонда безгек ауруының да себебі осы масадан болу мүмкіндігі туралы ой келеді. Ол өзінің жас оқушысы, Үндістанда тәжірибе алып жатқан жас дәрігер Роналда Россқа осы гипотезаны тексеруді тапсырады.

Росс ұрғашы безгек масасының Plasmodium паразитін өзінің сілекейімен тарататынын ең алғаш болып тапты. Ол өзінің теориясын торғайларға сынап көрді. Мэнсон болса теория жұмысын тексеру үшін өзінің туған ұлына Римнен дипломатикалық жүкпен алып шыққан безгек масасы арқылы ауру жұқтырды. (Қуанышқа орай, жедел хинин мөлшерінен кейін бала жазылып кетті).

1902 жылы Росс медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алды. Мэсонды Корольдік қоғамның өкілі етіп тағайындап, серілікке көтерді. Ол сондай-ақ, Лондон тропикалық медицина мектебінің құрушысы болды.

Қазіргі кезде масаның 2500 түрі белгілі, оның 400-і Anopheles тұқымдастары және олардың 40-ы безгек ауруын тарата алады.

Ұрғашы масалар жұмыртқаларын суға салып, адам денесінен сорып алған қанды олардың жетілуіне қолданады. Жұмыртқадан су балаңқұрты немесе дәрнәсілі жарып шығады. Басқа жәндіктерге қарағанда, масаның дәрнәсілдері өте шапшаң және су бетімен жылдам сырғи алады.

Ұрғашы масаға қарағанда, еркек маса жоғары дауыспен ызыңдайды. Оларды си нотасымен беретін қарапайым камертонмен еліктіруге болады.

Ұрғашы маса құрғақты, сүтті көмірқышқылды, дене жылуы мен оның қимылын ұнатады. Терлеген адамдар мен аяғы ауыр әйелдердің маса құрбаны болу қаупі жоғары.

Испан және португал тілінде mosquito сөзі «кішкене шыбын» деген мағынаны білдіреді. 

Форумда талқылау

Суреттер liveinternet.ru, ru.wikipedia.org, znaica.ru сайттарынан алынған

8340 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 22 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
22 ақпан 2012, 12:01

өзі кішкентай, залалы зор, бұл не деген тылсым табиғат?..

+0
22 ақпан 2012, 12:40

келісемін. масалар түнімен ауылда ызылдап қоймайды.

+0
22 ақпан 2012, 12:55

ең жақсы тосқауыл ауылдың масаханалары ғой шіркін

+0
24 ақпан 2012, 19:23

Осы масахана дегенді айтсаң көбі біле бермейді. Ғани, сенен естіп қуанып қалдым ғой! ))

+0
22 ақпан 2012, 14:42

ауылда жүргенде походқа шыққанда осы масалардан орғану үшін түтін салатынбыз)) Түтінге масалар жоламайды

+0
22 ақпан 2012, 15:26

масалардан қорғану үшін

+0
22 ақпан 2012, 14:57

Масаларға қан азық болу үшін керек деп ойлаппын. ))

+0
22 ақпан 2012, 15:18

айбиии, ауылға барсан таланасың ғой масаға, кеш болса бітті мен жылайтынмын ))))))))))

+0
26 ақпан 2012, 01:47

ал біздің ауыл болса таудың етегінде орманның жанында орналасқан маса дегенді білмейтінбіз де

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...