Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Компьютер ойындарының пайдалы тұсы да бар

Компьютер ойындарының пайдалы тұсы да бар

Компьютер ойындарының пайдалы тұсы да бар

Бүгінде күніне бір сағатқа болсын өз уақытын компьютер ойындарына бөлмейтін бала жоқ шығар. Өз кезегінде әрбір әке-шеше өз баласының компьютер алдында көп отырмауын қадағалаумен әлек. Осы фактке байланысты ғалымдар тобы компьютер ойындарының адам миына шын мәнісінде қалай әсер ететіндігін анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіпті.

Тәжірибе жүргізу үшін ғалымдар өз еркімен келгендердің ішінен 150 адамды іріктеп алған. Зерттеу жұмыстарына қатысудың басты талаптары – жас мөлшері (барлық сыналушылардың жасы 14-те) мен компьютерлік тәуелділіктің болмауы. Тәжірибенің басты мәні сыналушыларды алдымен екі топқа бөлу: бірінші топ бос уақытының бәрін (аптасына 20 сағаттан аса уақыт) компьютер ойындарына бөлсе, сәйкесінше, екінші топ мүлдем компьютер алдына отырмайды, ал кейін барлық қатысушылардың миының физикалық сипатын салыстыру. Салыстыру кезінде бірінші топ мүшелерінің миларының «рақаттану орталығы» анағұрлым ұлғайғаны байқалған. Ал адам миының мұндай көрсеткіші тек тәтті тағам жеген кезде ғана пайда болады екен.

Осы тәрізді тәжірибені ғалымдардың басқа тобы да өткізіпті. Олардың басты мақсаты құмар ойындарына тәуелді адамдардың табиғатын зерттеу болған. Тәжірибе мәні: сыналушыларға ойындағы кейіпкерді басқару үшін тек бір ғана батырмасы бар контроллер берілген. Бір ғана батырмамен ойыншының лезде жеңіліп қалатыны әбден түсінікті. Алайда, ең қызығы, сыналушылар ұсынылған ойынды одан әрі құмарлана ойнаған және де жеңіске жеткен кездегідей рақатқа бөленгендей болып көрінген. Физикалық тесттер бұл болжамды да растапты. Сондай-ақ,  жеңіліс табу кезінде қатысушы миының «рақаттану орталығы» одан әрі ұлғайып отырған. Бұл құмар ойындарына тәуелді адамның әрдайым жеңілгеніне қарамастан, казиноға көлемді соманы неліктен апаратыны жайлы фактіні толықтай түсіндірді.

Дегенмен ғалымдар әлі де болса адамның компьютер ойындарына аса көп уақыт бөлуін мидың «рақаттану орталығының» ұлғаюына алып келу-келмеуін нақты анықтай алмай отыр. Аталған мәселенің жауабын білу үшін ғалымдар әрдайым жаңа зерттеулер жүргізіп, барған сайын тәжірибеге тек ешқашан компьютер ойындарын ойнамаған ересек адамдарды қатыстыруда. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: omega-sector.kz

2768 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 11 қаңтар 2013, 09:17
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2013, 13:39

о! болды, ойнауды жалғастырамын! ))

+0
11 қаңтар 2013, 14:14

Әр нәрсе бір нормамен болған дұрыс қой.

+0
12 қаңтар 2013, 20:26

Counter Strikti oinaudy jalgastyramyn boldy!!!! :D :D

+0
13 қаңтар 2013, 05:08

шынымды айтсам озйм комп ойнаганды катты жаксы корем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...