2012 жылдың басты сөзі - "хэштег"

2012 жылдың басты сөзі -  "хэштег"

Америка диалектология қоғамы (ADS) 2012 жылдың басты сөзі ретінде "хэштег" терминін атады.

"Хэштег" бір тақырыптағы хабарламаларды бір бөлімнің аясына біріктіру үшін қолданылады. Бөлім атының алдына "#" символы қойылады. Бұл термин алдымен Twitter микроблог сервисінде қолданысқа ие болғандығын айта кетелік. Кейін оның қолданылу аясы кеңіп, басқа әлеуметтік желілерде де пайдаланыла бастады.

"Twitter және басқа да әлеуметтік желілерде трендтерді осы хэштегтер тудырып отырды. Қолданушылар саясаттан бастап музыкаға дейінгі тақырыптар аясында пікір білдіріп, қоғамдық ой қалыптастырып отырды", - деді ADS-тің Жаңа сөздер комитетінің төрағасы Бен Циммер.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Массачусетс университетінің ғалымдары Twitter микроблог сервисіндегі трендтер қатарына кіретін тақырыптарды алдын ала болжауды үйренгендігін айтқан болатын.

Твиттер трендтері дегеніміз - сервисте көп қолданылып жатқан хэштегтер мен фразалар. Қолданушылар болса, талқыланып жатқан актуалды тақырыптарды тұрғылықты жеріне, қызығушылығына қарай бөліп, фильтрден өткізе алады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан