Asus сатылымға екі жаңа планшет шығаруға дайындалуда

Asus сатылымға екі жаңа планшет шығаруға дайындалуда

2013 жылдың қаңтар айында Американың Лас-Вегас қаласында өтетін CES 2013 сауда көрмесіне Asus компаниясы екі жаңа планшет шығаруға дайындалып жатыр.

Америка интернет басылымдарының хабарлауынша, жаңадан шығатын планшеттер қазіргі Asus Transformer, Nexus 7 және Apple компаниясының шығаратын планшеттеріне мүлде ұқсамайды екен.

Дегенмен жаңа планшеттер туралы Asus компаниясы әлі де болса ресми ақпарат берген жоқ. Түрлі интернет-рейлтердің айтуынша, жаңа Asus ME371MG бір ядорлы Atom Z2420 жүйелік блогымен жұмыс істейді. Ал экранның көлемі 1280х800 болады. Жедел жады 1 Гб, ал өзінің жеке жады 16 Гб тең етіп дайындалып жатыр екен. Сондай-ақ Bluetooth, WiFi, 3G және 3,1-мегапиксельді бейне камерасы бар.

Екінші болып шығатын - Asus ME172V маркалы планшет делінген. Бұл планшет SoC-системалық базасында 1-гигагерцті WM8950 жүйелік блогымен жұмыс істейді. Mali-400 графикалық чипі бар. 7-дюймді экранының көлемі 1024х600 лайықталған.

Айта кетейік, бұл қос планшеттің әлі де болса нақты қанша тұратыны белгісіз. Дегенмен Америка басылымдары 250 еуродан кем тұрмайды деп отыр.

Дйаындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: kapital.kz

Ю. НИКУЛЛИН