Магнитті үстел сурет салуға мүмкіндік береді

Магнитті үстел сурет салуға мүмкіндік береді

Жапонияның Кейо университетінің мамандары ешқандай құралсыз, қолмен тік бұрыш, шеңбер және тағы да басқа қиын фигураларды сызуға мүмкіндік беретін үстел ойлап тапты. 

Жүйе үстел үстінде орналасқан магнит қозғалысын бақылайтын компьютер арқылы жұмыс жасайды. Кез келген фигураны салу үшін қаламды түбінен қағаз бетіне вертикальды түрде ұстап тұрсаңыз жеткілікті.

Сурет салу үшін шарикті қалам ұстасаңыз да болады. Бірақ сурет нақты шығу үшін цифрлы қалам пайдалану әлдеқайда тиімдірек. Зерттеушілердің айтуынша, үстелді сондай-ақ білім беру ісінде сурет салу немесе геометрия пәндерінде де қолдануға әбден болады. 


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет