Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Электр энергиясын үнемдейтін шамдардың зияны

Электр энергиясын үнемдейтін шамдардың зияны

Электр энергиясын үнемдейтін шамдардың зияны

Соңғы уақытта  электр энергиясын үнемдейтін шамдар әлемнің көптеген елдерінде қолданысқа еніп жатыр. Осы орайда оның  денсаулыққа тигізетін әсері туралы түрлі пікірталас туып жүр. Экономикалық жағынан тиімді болып табылатын бұл шамдардың зиянды жағы да аз емес. Құрамы қауіпті химиялық сынаптан тұратын шамның бұл түрі шағылар болса, өмірге қауіп төндіреді. Ендеше, электр энергиясын үнемдеуге арналған люминесцентті шамның зиянды жақтарына нақтырақ тоқталып өтсек:

  1. Энергия үнемдегіш шамдар қыздыру шамдарына қарағанда қысқа толқынды, әрі көк компоненттерге толы болып келеді. Бұл қысқа толқындар көздің торлы қабығының рецепторын зақымдайды, сонымен қатар, көздің көру қабілетінің төмендеуіне алып келеді.
  2. Шамның жоғарғы қуатпен жарқырауы көру мүшесі арқылы орталық жүйке жүйесіне артық салмақ түсіреді. Өкінішке орай, энергия үнемдегіш материалдарды қолдану барысында мұндай жарқыраулардан құтылу мүмкін емес. Сол себепті басы жиі ауыратын адамдар үшін мұндай шамдар тиімсіз, әрі ол бас ауруының жиілігін одан сайын күшейте түседі.
  3. Шамнан түсетін көк жарықтың құрамындағы гипофиз бен мелатонин иммундық және эндокриндік жүйенің бұзылуына алып келеді.
  4. Люминесцентті шамдар жарықты бірқалыпты таратпайды. Сондықтан да бөлме ішіндегі дискомфорт бұзылып, адам өзін жайсыз сезінеді. Оны күнделікті тұрмыста өзіміз де байқап жүрміз. Люминесцентті шамдармен жарықтандырылған бөлмелерде ұзақ отырған кезде  адамның ұйқысы келіп, басы ауыра бастайды.
  5. Электр энергиясын үнемдейтін шамдардың құрамында өте қауіпті химиялық сынап болады. Бұл элемент шам сынған кезде ауаға таралып, адам денсаулығына, қоршаған ортаға  үлкен зиян әкеледі. Нәтижесінде адамның жүрегі айнып, басы айналады.

Шыны шамдардың орнын басқан люминесцентті шамдардан келер зиян аз емес екенін көрдік. Әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда бұл шамдарды қолдану біздің елімізде тиімсіздеу болып келеді. Себебі, бұл шамнан келетін басты қауіп − сынапты залалсыздандыру жұмыстары Қазақстанда мүлде қолға алынбаған. Жарамай қалған мұндай шамдарды халық бізде ашық қоқыс жәшігіне лақтыра салады. Оның ішіндегі сынап қоршаған ортаға оңай шығады. Шет елдерде люминесцентті шамдарды тастауға арналған арнайы жәшіктер кез келген жерден табуға болады және мұндай қоқыс жәшіктерін тазартуға арналған арнайы машиналар да жұмыс жасайды.  

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: rnns.ru

6608 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 30 қараша 2012, 03:01
Пікірлер
+0
30 қараша 2012, 10:30

Зиян екенін әу бастан-ақ білгенмін, сол үшін де қолданбағанмын мүлдем, қолданбаймын да

+0
30 қараша 2012, 11:46

біздің барлық бөлмелерде осындай тұр, менің бөлмемде жоқ қалған бөлмелерден қысылатын сияқты боп тұрам. Папаға айтатыын екен

+0
30 қараша 2012, 12:04

уйдегiлерге алайык деп журсем.....айнып калдым

+0
30 қараша 2012, 12:11

Бұ неғылған батпанқұйрық, айдалада жатқанқұйрық?..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...