Фото әлеміндегі қызықтар

Фото әлеміндегі қызықтар

Бүгін сіз бен біз фотографтар әлеміндегі қызықтармен танысып, тарих беттеріндегі атақты фотосуреттер мен танымал фотографтар жайлы сөз қозғамақпыз.

Жанартаудың атқылауын суретке түсіріп, өзі сол жерде қаза тапқан фотограф кім?

1980 жылы атқылаған Сент-Хеленс жанартауын суретке түсірмек болған фотограф онда жақындап баруға болмайды деген ескертпелерге қарамастан, тура тартқан. Жанартаудың нағыз қайнап тұрған шақтарын суретке түсіріп болған фотограф фотоаппаратын сөмкесіне салып, оны өз денесімен қорғаған. Оның өлі денесі 17 күннен соң табылды. Бірақ өліммен арпалысып жүріп түсірген суреттері де, фотоаппараты да аман қалған. Артынша осы суреттердің арқасында геологтар жанартау атқылының жоспарын жасап шығарған.

Неге фотографтар суретке түсірер кезде "Қазір құс ұшады!" дейді?

Бұрындары фотоаппарат камерасынан шынында да құс ұшып шығатын болған. Әрине, тірі емес, жасанды құс. Суретке түсушілердің назарын аудартып, балаларды бір нүктеге қарату үшін осындай құстар пайдаланылған. Кейінгі кездері камералардан мұндай құстар ұшпаса да, осы сөз бәрінің жадында сақталып қалды.

Ең алғаш суретке түсірген кім?

Ең алғашқы суретті жасаған Жозеф Ньепс болатын. Әлемдегі ең алғашқы фотосурет - "Терезедегі көрініс" деп аталады. Бұл атақты сурет 1826 жылы 8 сағат дегенде ғана түсірілді. 

Эйнштейннің тілін шығарып тұрған танымал суреті қашан түсірілді?

1951 жыл еді. Дәл өзінің туған күнінде атақты физиктің осы суреті түсірілді. 

Мэттью Б. Брэди тарихта кім болып қалды?

Атақты фотограф Мэттью Б. Брэди тарих бетінде өзін-өзін суретке түсіріп, автопортрет жасаған алғашқы фотограф болып қалды.

Жердің ең алғашқы жарық суреті қашан түсірілді?

1972 жылы 7 желтоқсанда Апаллон әуе кемесінің тобы кейін «The Blue Marble» («Көк мәрмәр») деп аталып кеткен атақты фотосуретті дүниеге әкелді. Жер Күннен сәл ғана алыстағанда, жап-жарық сәтті түсіріп алған олардың төбелері көкке жеткен болатын. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: factroom.ru, gota.ru, kotofot.ru

А. Әбілхан