Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың...

Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың...

Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың...

Сан мың ғасырдан бері үздіксіз қойылып келе жатқан ең танымал сауалдардың бірі: «Уақыт қанша болды?». Тарих беттеріне үңілер болсаңыз, адамзат баласының осы сұраққа жауап беру үшін қандай әрекеттерге барғандығын анық байқайсыз. Жұмбақты шешуге деген талпыныс күн сағатынан бастап атом сағатын ойлап табуға дейін алып барды.

Адамдар есте жоқ ерте замандарда күннің қозғалысына қарап уақытты анықтайтын болған. Егер, күн тас төбеге келіп тұрса, тал түс болғаны еді. Алайда, түнде немесе бұлтты күндері адамдар қатты шатасып қалатын. Б.з.б. 3500 жылдары египеттіктер "күн сағатын"ойлап тапты. Оны жасап алудың еш қиындығы жоқ еді: жазық алаңқайдың ортасына қазықша қағылады; күн ашықта әлгі қазық қазіргі сағаттардың уақыт көрсететін бөліктеріне сәйкес сызылып қойылған алаңқайға өзінің көлеңкесін түсіріп тұрады. Күні бойы көлеңке үздіксіз жылжып отырады, сөйтіп оның жылжу қалпына қарап, адамдар күн мезгілін анықтаған. Бұл сағат та мәселенің шешімі бола алмады.


Б.з.д. 1500 жылдары «құм сағаты» ойлап табылды. Құм сағаты дегенімізбен, бастапқыда оның орнына су қолданылатын, тек б.з. 7000 жылдарында ғана құмға ауыстырылды. Мұнда құм екі шыны сауыттан олардың тұтасқан тар мойыны арқылы бір-біріне алма-кезек сусып ағып тұратын.

Екі аяқ, жұмыр бастардың келесі ойлап тапқан уақыт көрсеткіші – «механикалық сағаттар». Механикалық сағаттар жөніндегі алғашқы деректі ғалымдар ежелгі византиялық қолжазба нұсқалардан тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс келеді. Мұндай сағаттарда серіппелер, тұтқыштар, реттегіштер қолданылды. Сонымен қатар, алғашқы механикалық сағаттардың сағаттық тілі мен циферблаты болмады, олар сағат сайын шырылдап тұратын. Кейіннен бір сағаттық тілі бар түрлері шыға бастады.

ХV ғасырда «цилиндрлік серіппелер» ойлап табылып, сағаттың көлемі кішірейе түсті. Осы цилиндрлік серіппелердің арқасында қол сағаттары жасалған болатын.

Бұған дейінгі сағаттардың уақыттары тура болмайтын. 1656 жылы  Кристиан Хайген ойлап тапқан "маятниктік сағаттар" алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда дұрысырақ болды. Кемшілігі - маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды.

Келесі ғасырда Британ Парламенті уақыт мәселесін шешкен адамға арнап ауқымды сыйақы жариялады. Бәйгені Джон Харрисон есімді азамат жеңіп алды. Оның ойлап тапқан сағатының тура уақыттан 5 секунд қана айырмашылығы болды.

ХІХ ғасырларға дейін сағат тек қалтасы қалыңдардың үйлерінен ғана табылатын болса, бұдан кейін оның бағасы арзандап, қарапайым адамдардың арасында кеңінен тарала бастады. Ол кездегі ең танымал түрі – қалта сағаттары еді.

Қол сағаттарын алғашқыда әйелдер қауымы тағатын болса, Бірінші Дүниежүзілік соғысы барысында қалта сағаттарынан қол сағаттары ыңғайлы болғандықтан, ерлер қауымы да алып жүретін болды.

1960 жылдардан бастап, "кварц сағаты" қолданысқа енді. Мұнда "маятниктің" қызметін электр тогының әсерімен тербеліске келетін кварц пластинкасы атқарады. Кварц "маятникті" сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Және өте  қолжетімді болып келеді. Кейіннен дәлме-дәл уақытты қалтамыздан түспейтін ұялы телефондардан, теледидарлардан, компьютерлерден т.б. техника туындыларынан көруге мүмкіндік алдық.

Өміріміздің ең маңызды қажеттіліктерінің біріне айналған сағат тарихы әзірге осылай болып тұр. Бұдан кейін уақыт көрсеткішінің қандай түрі ойлап табылатындығы болашақ еншісінде деп білеміз...

Суреттер:vokrugsveta.ru,ochendaje.livejournal.com,mir-kamnja.ru,doska-n1.spb.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7028 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 қараша 2012, 10:33
Пікірлер
+0
27 қараша 2012, 12:09

Құм сағатты қолданатындар бар әлі )

+0
27 қараша 2012, 16:01

Сағатым жақында сынды да қалды((( Бурабайда шомылған еді байғұс

+0
01 желтоқсан 2012, 04:19

Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың...

- әрине, дүкенге барып: апа маған уақыт беріңізші десең, ол кісі ойлап қалуы мүмкінғой - бұл адам маған қарыз ба еді деп ;)

+0
29 желтоқсан 2012, 12:35

Сағатың тоқтасада,өмірің тоқтамасын!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...