Уақытты тоқтататын дулыға

Уақытты тоқтататын дулыға

Уақыт біз ойлағаннан да тез әрі жылдам өтіп жатқан сияқты. Кеше ғана кіп-кішкентай сүйкімді бала едік, ал бүгін жоғары оқу орнының табалдырығын аттап, не болмаса жұмысқа кірейін деп жатқан жайымыз бар.

Жақында ғана неміс суретшісі уақытты баяулататын дулыға ойлап тапты.

Айта кететін болсақ, аталған құрылғының пішіні үлкен айна шарына келеді. Және сырт жағында бейнеге түсіріп тұратын дисплей орналасқан. Сырт көріністі түсіріп тұратын сол бейне арқылы уақытты жылдам айналдыруға да, баяулатуға да болады.

Ең бастысы, дулығаның сырт жағында да дисплей жайғасқан. Сол арқылы  басқа адамдар дулыға иесінің өмірді қалай көретіндігін байқай алады. Өз кезегінде баяу жүріп жатқан бейнеге қарап, асықпай ғұмыр кешіп жатқан ғұмыр иесін асықтыруға тырыспайды. 

сурет:techtod.livejournal.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига