Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Бақ-бақ - " күн мен айдың баласы"

Бақ-бақ - " күн мен айдың баласы"

Бақ-бақ -

Бақ-бақ гүлінің тарихы

Есте жоқ ерте замандарда төрткүл дүниенің бір бұрышында кішкентай ғана бір ауыл болыпты. Өзен жағасында орналасқан осы ауылдың шетінде жалғыз ғана үйшік болған деседі. Үйшіктің иесі – сүп-сүйкімді қыз еді. Қыздың негізгі кәсібі – ешкі бағып, соның сүтін сату. Бұрымды қыз күн сайын таңертең тұра салып, жасыл түсті көйлегі мен сары түсті орамалын байлап, тілек білдірген тұрғындардың ыдыстарына сүт құюдан шаршаған емес. Тап бір мейірімді перизат секілді. Көңілді, жүзі жарқын, ешкімнен де жылы сөзін аяған емес. Тек қана жақсы жаңалықтар айтып, ауырғанға ізгі тілектер арнап, ұрсысқандарды татуластырып жүреді екен. Бұқара халық та оны қатты жақсы көріп, жақсы жар кездесуін Тәңірден тілейтін. Тіпті ең қараңғы, ең көңілсіз күндерде оны сәуле шашар күн, шуақ себер көктем сияқты асыға күтетіндердің санында шек болмаған. Тұрғындар қызға «Бақташы-сүт сатушы» деген ат тағады. Бұл сөздің жылы әрі шын жүректен айтылатындығы соншалықты, әлемдегі ең сұлу сөз осы болып көрінетін.

Айлар мен жылдар өтіп, қыз да бойжетеді. Ауылдың күллі жігіті қызға сезім білдіріп жүрсе де, жаратылысы тым өзгеше сүт сатушы өзгеге емес, Бозторғайға ғашық болып қалады. Бозторғайдың әуезді әні қыздың жан-дүниесін дүр сілкіндіріп, тебірентетін. Оған әлемнің бәрі Бозторғай болып ән салып тұрғандай көрінетін. Күні соны аңдумен, түні түсінде көрумен өтеді... Оның бұл тылсым махаббаты ауыздан-ауызға тарап, әдемі аңызға айнала түседі.

Алайда, мұндай тәтті күндер өз мәресіне тым ерте жетті. Оның себепкері – қыздың өзі еді. Ол Бозторғай әндерінің мағынасын білгісі келеді де, Бозторғайды ұстап алып, жібермей қояды. Әндерінің сырын айтуды сұрап, жалынады. Бостандық сүйгіш құс қыздың бұл әрекетіне қатты ренжіп, ұшып кетеді. Қыз осы әрекетінің кесірінен Бозторғайдың өзіне деген махаббатынан біржола айырылып қалғанын түсінеді.

Жүзін мұң шалған бойжеткен басындағы орамалын жұлып алып, сілкіп қалғанда, одан алтын түсті тиындар түседі. Сол сәтте қатты дауыл басталып, алтын тиындарды жан-жаққа ұшырып әкетеді. Ал сол тиындар түскен жерлерге қыз секілді жасыл көйлек киіп, сары орамал байлаған әдемі гүлдер шыға бастапты. Бұл – біз білетін бақ-бақ гүлі еді... Ал баяғы Бозторғай сол гүлдердің айналасында өзінің сөзі жоқ әдемі әндерін шырқауды жалғастыра береді.

Бақ-бақ туралы қызықты деректер

• Кейбір елдерде бақ-бақтан тосап, шарап, шипалы сусын жасап шығарады. Енді бір елдер осы гүлді отбасы мүшелерін сәтсіздіктерден сақтап, денсаулық әкелетін қасиетті өсімдік ретінде құрметтейді. Сонымен қатар, бақ-бақты ақшаның нышаны санайтындар да жоқ емес.

• Көптеген халықтар бақ-бақты «күннің егізі» деп атайды. Кейде оны «күн мен айдың балалары» деп атап та жатады. Күннің егізі аталу себебі: гүл күн шығыстан көтерілгенде, бетін сол бағытқа алады, тас төбеге келгенде, басын тік көтереді, ал батысқа батқанда, сол жаққа мойнын бұрады, күн ұясына батқанда, ол да жабылып қалады. Келбеті де, түсі де тап бір күн сияқты...

 Аймен қандай байланысы бар дейсіз бе? Ежелгі аңыздар бұл туралы былай деп сыр шертеді: Бақ-бақтар о баста аспан гүлдері болған, ай оларға әрбір түн сайын жер бетіне жарық түсіріп тұратын шамның қызметін атқаруды тапсырады. Бірақ, гүлдер бұл бұйрықты орындаудан бас тартады. Ашуланған ай жел жіберіп, гүлдерді жерге үрлеп түсірген. Мұны сырттан бақылап отырған Күн-Әке оларға жұбату айтып: "Сендер жер бетінде де мен секілді жарқырап тұратын боласыңдар",- деп уәде беріп, сол уәдесінде тұрады.

• Бақ-бақтардың жаз келісімен үлпілдекке айналып кететіндігінің сыры да осында жатыр. Олар үлпілдеп ұшып, өздерінің ыстық ұялары - аспанға қайтады екен.

• Бақ-бақтың біз білетін сары түстісінен басқа да түрлері бар. Мәселен, Кавказ тауларында қарақошқыл түстісі болса, Тянь-Шань тауларынан ақшыл көк, қызғылт түстілері кездеседі.

 

Суреттер:prettywoman.ucoz.ru,liveinternet.ru,goodfon.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

23286 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 21 қараша 2012, 14:26
Пікірлер
+0
21 қараша 2012, 15:06

Аңыздың астарында ақиқат жатыр-ау. Көп аңыздар арудың мұңды махаббаты мен Бозторғайға құрылатыны несі екен? :roll:

+0
21 қараша 2012, 16:04

баяғы да бақ бақтан бас киім жасап алушы ек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...