Біз білмейтін!

Біз білмейтін!

Бүгін сіздердің назарларыңызға ең қызық дейтін деректерді топтастырып отырмыз. Бір қарап шығуды кеңес етеміз!

Эскимостардың тілінде "соғыс" деген мағынаны білдіретін бірде-бір сөз жоқ. 

Кениялық бір әйел алты рет қатарынан егіз туған.

Уильям Шекспирдің артында бірнеше ғана қолтаңба қалған. Және олардың бәрі орфографиялық қателіктермен. 

2006 жылы бір бөгеттен үйрек жұмыртқалары табылып, ішін ашып көргенде үш тірі балық шыққан.

Қытайдың бір провинциясында "Алиса ғажайыптар елінде" ("Алиса в стране чудес") кітабына тыйым салынған. Сондағы әкімшілік қызметкерлерінің ойынша, жануарлар адамдардың тілінде сөйлемеуге тиіс екен.

Осы жылы (2013 жылы) Швеция үкіметі Айға ең бірінші үйді салмақ. 

Колибридің (тропик жақта болатын ала қауырсынды кішкентай құс) жүрегі минутына мың рет қақса, пілдің жүрегі минутына 30 рет соғады. Ал теңіз жұлдызында жүрек мүлдем жоқ болып шықты.

1783 жылы Бенгалияда екі басты бала дүниеге келіпті. Сол кезде баланың екінші басы мойнымен жоғары қарап тұрған. Және екі бастағы ми бөліктері жақсы жұмыс істеген. Бірақ, бала төрт жылдан соң жыланның уынан көз жұмыпты. 

Бостон университетінің ғалымдарының анықтауы бойынша, масаңдық ақыл-ойға әсер етпейтін болып шықты. 

Уолт Диснейдің ең ақырғы сөзі "Курт Рассел" болған. Бұның сырын әлі күнге ешкім білмейді. Тіпті, Курт Расселдің өзі де...

сурет:mongolianislam.mn

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига