Titan әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер атанды

Titan әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер атанды

АҚШ-тың Окридж ұлттық зертханасында орналасқан өнімділігі 17,59 петафлопс (секундына квадриллион операция) болатын Titan атты суперкомпьютер әлемдегі ең қуатты есептеу машинасы атанды. 

Төменде сіздерге әлемдегі ең мықты 5 суперкомпьютердің тізімін ұсынамыз:

1. Titan Cray XK47, Oakridge National Laboratory, АҚШ (17,59 петафлопс/сек.)

2. Sequoia BlueGene/Q, Lawrence Livermore National Laboratory, АҚШ (16,33 петафлопс/сек.)

3. Fujitsuэs K, в RIKEN Advanced Institute for Computational Science, Жапония (10,51 петафлопс/сек.)

4. Mira BlueGene/Q, Argonne National Laboratory, АҚШ. (8,16 петафлопс/сек.)

5. JUQUEEN, BlueGene/Q Forschungszentrum Juelich, Германия. (4,14 петафлопс/сек.)

Titan-ға дейін бірінші орында Sequoia атты суперкомпьютері тұрған болатын. Аталған екі машина да АҚШ-тың энергетика министрлігінің қарамағында екен. 

Жалпы мұндай суперкомпьютерлерді жасау жұмыстары технологиялық держава саналатын елдердің бәріне тән. Себебі суперкомпьютер қызметі қорғаныс, энергетика, қаржы және тағы басқа стратегиялық маңызды салаларда қолданылады. Сонымен бірге ол мұнай-газ саласында кен орындарын ашуда, ал биржада электронды сауда кезінде аса ауқымды операцияларды орындайды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: digit.ru

Б. Қосмағамбет