Адам терісінен телефон жасалуы мүмкін

Адам терісінен телефон жасалуы мүмкін

АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің жанындағы Инженерлік мектебінің өнертапқыштары адам терісіне ұқсас материал жасап шығарғандығын айтқан болатынбыз. 

Зерттеушілер бұл өнертабысты болашақта түрлі протездер жасау үшін пайдалануға болатындығын айтып ақпарат таратқан еді. Тіпті мобильді құрылғылардағы сенсорлық экран жасау үшін де пайдалануға болатындығы белгілі болған-ды. Осы орайда ғалымдарға бірнеше компания бірігіп жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады. Одақ сәтті болып жатса, болашақта теріден жасалған телефондар да қолымызға тиіп қалуы мүмкін.

Жаңа материал өте иілгіш, берік, сезімтал болып шықты дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, өнертабысты адамның жарақаттарын емдеу кезінде пайдалануға болады.

"Бұл материал жарақаттарға өте төзімді. Синтетикалық терінің бетіндегі кез келген жарақат 30 минутқа жетпей жазылып, "емделіп" кетеді", - деді сұхбат берген жоба авторлары. Физиктердің айтуынша, терінің бетін он жерден кескілесе де, ол физикалық құрылымдық қасиеттерін жоғалтпай қайта қалпына келе алады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: dobrydenmedia.ru