Бұрын ерсі көрінген қылықтар

Бұрын ерсі көрінген қылықтар

Заман өзгере, өзімен бірге әдет-ғұрыптар, этика нормаларын да өзгертті. Бұрында ұятты болған дүниелер қазірде күнде көзіміздің алдында орын алуда. Сол кездердегі әдеттер мен ерсі болған қылықтарды біліп жүрейік.

  1. XIX ғасырдағы бал кештерінде ер кісінің жас қызды 3 реттен артық биге шақыруы ерсі болып көрінетін. Екінші биден кейін-ақ ол қызға сөз салып, үйленуге ниетін көрсетуге тиіс болатын.
  2. АҚШ әйелдері басқалардың көзінше беттеріне макияж жақпайтын. Тіпті басқалардың көзінше айнаға қарау оғаш көрінеді деп санаған олар.
  3. Қолғаптар кезінде үйде ғана киетін бұйымдардың қатарында болған екен. Көпшіліктің көзінше қолғап кию мәдениетсіздік белгісі болған.
  4. XX ғасырдың 20 жылдары Ресей мектептерінде сауатты жаза білу ерсі қылықтар қатарында тұрған. Сауаттылық пролетариаттың қасиеттерінен емес деп саналатын.
  5. Ұлыбританияда біреудің көзінше тоқу ерсі көрінеді. Алайда соңғы кездері тоқу бұл елде ерекше танымалдылыққа ие болды. Статистика бойынша, тоқу ерлер арасында кең жайылып, қазірде футбол мен саясаттан кейінгі ең талқыланатын тақырып болып отыр.
  6. Жапондық шәй рәсімі кезінде аяқты айқастырып отыру оғаш көрінеді, ал аяқты көршісіне қарай созу - тіпті нағыз бұзақылық саналады. Сондықтан мәдениетті жапондықтар өз аяқтарын бүгіп, үстіне отырады.
  7. Таиландта әңгімелесушіңіздің басынан не иығынан ұстау - ұятты нәрсе. Себебі бұл тек екі ғашықтардың арасында орын алатын бірін-бірі аймалау әрекеттері болып саналады, ал бұндай ұят қылықты көпшіліктің көзінше жасауға тыйым салынған.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: stihi.ru

С. А