Оқи отырыңыз

Дәйексөз

Тағаны табаныңызға қағып, жылқыша еңбек етпейінше, ол сізге бақыт та, табыс та әкелмейді

— Редактор бағаны —

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Кел, билейік танго!

Кел, билейік танго!

Кел, билейік танго!

Белгілі орыс ақыны Марина Цветаева «Танго! Қаншама тағдырды қосып, қаншамасын айырдың сен!?» деп жырлап өткен екен. Ендеше, бүгінгі әңгімемізді көпшіліктің сүйікті билерінің бірі - тангоға арнамақпыз.

Танго (испан. tango) – еркін композициялы, екпінділігімен және ширақ ритмімен ерекшеленетін, жұппен биленетін аргентинаның ұлттық биі.

Тангоның алғаш танымал болып, қанат жайған жері – Аргентина. Кейіннен күллі әлем танитын, сүйсіне билейтін аса танымал биге айналып шыға келді.

Ерте кезде аталған бидің тек қана «криольо танго» деген түрі белгілі болса, бүгінде аргентиналық танго, ургувайлық танго, балдық танго, фин тангосы және көне танго сынды көптеген түрлері кең таралған. Бұлардың ішінен «аргентиналық тангоға» ең алғаш биленген түріне жақын болғандықтан «түпнұсқалық» би деген ерекше баға беріледі.

Тангоның әуені мен би элементтері бірнеше би түрлерінің, гимнастиканың, конькимен мәнерлеп сырағанаудың, синхронды жүзудің әрекеттерімен аздап ұқсас келеді.

Танго биі Буэнос-Айрестегі африкандық көне билер қоғамдастығының арасында да асқан танымалдыққа ие. Өйткені, «танго» сөзі ибибо халқының тілінен шыққан деген пікірлер аз айтылмайды. Африкандықтар бұл бидің алғашында дауылпаз дыбысына сүйемелдеумен шығарылғандығын айтып, тангоны өздерінің билері деп есептейді.

Жалпы, «танго» сөзі 1890 жылдары кеңінен қолданыла бастады. Би алғашында көп бидің бір түрі ғана болғандығымен, біршама уақыттан кейін дараланып шығып, қоғамда жоғары мәртебеге ие болды.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Буэнос-Айрестің бишілері мен оркестрлері тангоның құдіретін паш ету үшін Еуропаға аттанады. Ең алғашқы таныстыру кеші Париж қаласында өткізіледі де, кейіннен Лондон, Берлин сынды көптеген астаналарда көңілді би кештері ұйымдастырылады. 1913 жылы АҚШ, Финляндия жерлерінде өткен көрсетілімдер танго тарихында алтын әріптермен жазылатын сәт еді.

Осы күннен бастап тангоның аты кең жайыла бастады. 1930-1950 жылдар тангоның «алтын ғасыры» деген атаққа ие болды. Бұл кезде Аннибал Тройло, Освальдо Пульезе, Астор Пьяццолла сынды тұлғалар негізін қалаған бірнеше ансамбльдер құрылды.

1983 жылы Нью-Йоркте ашылған "Forever Tango» шоуынан кейін танго сабақтарына қатысушылардың саны күрт көбейе түсті.

2009 жылдың 30 қыркүйегінде танго – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы ретінде жарияланып, әлем халықтарының жоғарғы бағасына ие болды.


Суреттер:teamodance.ru,darinaismakaeva.blogspot.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Ілмек сөздер: танго, танго биі, танго билеу, тангоның шығуы, тангоның тарихы

Дайындаған:
Кәусар Мұң
Қосылған күні:
12 қараша 2012, 14:27
Тегтер:
танго, танго биі, танго билеу, тангоның шығуы, тангоның тарихы
3601 4
Рейтинг: +2

Пікірлер
+0
12 қараша 2012, 14:48

мектепте билегенбіз)

+0
12 қараша 2012, 15:44

маған ұнайды осы би

+0
26 қараша 2012, 01:43

onda kel biliek :)

+0
23 желтоқсан 2012, 01:47

керемет би маган унады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Арзан автонесие беретін банктер қулыққа басты
Арзан автонесие беретін банктер қулыққа басты

20 жыл бойы халыққа қызмет пе әлде қанау ма?

Әпкеге арнау...
Әпкеге арнау...

Екі елдің жақын қылып арасын

Жатақханалық өмірге шолу
Жатақханалық өмірге шолу

«Жалпы жатақхана қандай болады?» деген сұраққа жауап ретінде өз...

«Мейірім» деген сөзді сондай жақсы көремін!
«Мейірім» деген сөзді сондай жақсы көремін!

Мына әлемді нұрландыруға ат салысуға шақырамын)

Әнші Луина өзін кинопродюсер ретінде сынап көрмекші
Әнші Луина өзін кинопродюсер ретінде сынап көрмекші

Қазақстандық эстраданың ең жарық жұлдыздарының бірі әнші Луина өзінің...


Соңғы аудармалар

Менің көршілерім – EXO / Мои соседи – EXO/ EXO Next Door (6-бөлім)
Менің көршілерім – EXO / Мои соседи – EXO/ EXO Next Door (6-бөлім)

Мемлекет: Оңтүстік Корея Жыл: 2015 Жанр: романтика, комедия Серия: 15 минуттан 16...

Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (6-бөлім)
Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (6-бөлім)

Түпнұсқа атауы: It’s Okay, It’s Love Мемлекет: Оңтүстік Корея Жанры: мелодрама,...

Менің көршілерім – EXO / Мои соседи – EXO/ EXO Next Door (5-бөлім)
Менің көршілерім – EXO / Мои соседи – EXO/ EXO Next Door (5-бөлім)

Мемлекет: Оңтүстік Корея Жыл: 2015 Жанр: романтика, комедия Серия: 15 минуттан 16...