Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жануарлар өсірген балалар туралы алты оқиға

Жануарлар өсірген балалар туралы алты оқиға

Жануарлар өсірген балалар туралы алты оқиға

1. Маймылдар

Екі баласы ұйқыға жатар алдында Марина Чапмен орманда болған оқиға туралы айтып береді. Әлгі айтылған оқиға желісі шын мәнінде де өмірде болған, Маринаның басынан өткерген сәттер екен.

Ол бес жаста болатын. Колумбияда ата-анасы алақанға салып, аялап отырған баланы белгісіз бір қарақшылар ұрлап кетеді. Алайда, ақша, ешқандай төлемақыны қажет етпеген ұрылар кіп-кішкентай бөбекті орман ішіне тастап кете барған. Баланың сөзсіз өлетіні анық еді. Бірақ, бір ғажайыптың арқасында орманда мекен ететін маймылдар (капуциналар) шырылдап жатқан баланы бауырға басады. Бес жыл бойы қастарына ертіп жүріп қоян аулап, құс қулату мен өз тілдерін үйретеді. 

Күндердің күні маймылдардың ортасында жүрген қыз баланы аңшылар кезіктіріп, құл базарға шығарып, сатып жібереді. Ең аяғында Марина қашып құтылған...

2. Ешкілер

2012 жылы Ресей жерінде болған осы оқиға талай жанды бір түршіктірді. Құрсағынан шыққан баланы шешесі ешкілермен бірге қораға қамап кетіп қалған. Әбден арып-ашып, сүйегі қалуға жақындаған баланы дәрігерлер жолы болып, тауып алыпты.

Анықталғандай, ешкілер балаға сүт беріп, қастарына жатқызып, қамқорлық көрсеткен. 

Енді бұл бала төсекке жатудың орнына астына кіріп кете береді. Тек жерде ұйықтайды. Адамдармен сөйлесуге құлық білдірмейді...

3. Иттер мен мысықтар

2009 жылы әлеуметтік қызметтегі жұмыс қамымен жүрген бір топ адамдар Сібір жерінде бес жасар Наташа деген қыз балаға кезігеді. Наташаның отбасында әке де, шеше де, бәрі де бар. Алайда, әкесі мен шешесі баланы бес жыл бойына мысықтар мен иттердің ортасында өсіріп келген.

Енді міне, Наташа адаммен сөйлесейін десе, бір әріп білмейді, одан қалса, тамақты мысықтар мен иттермен таласып жеп қалғандықтан, адам отыратын үстел маңына жоламайды.

4. Жабайы мысықтар

2008 жылы Аргентинада бір топ милиция қызметкерлері жабайы мысықтармен бірге өскен бір жасар баланы тауып алады. Сегіз мысықтың ортасында өскен бала дені-қарны сау, тоқ болып шыққан.

Сөйтсе, жабайы мысықтар әр күні бір жасар балаға тамақ алып келіп берген. Түн болса, баланы ортаға алып, денелерімен жылытқан.

5. Жабайы иттер

2001 жылы Чилиде жабайы иттермен бірге үңгірде өмір сүрген он жасар бала табылады. Көрмеген сұмдығы жоқ он жасар бала екі жыл бойына иттердің ортасында өмір сүруге бейімделген. Тіпті, бір кездері иттердің сүтімен қоректеніпті.

6. Қасқырлар

Ендігі кезекте Камила мен Амалия туралы айтудың өзі қорқынышты. Қасқырдың ортасында өскен қыздар 1920 жылы Үндістандағы ормандардың бірінен табылады. Тауып алған шіркеу қызметіндегі адам ұзақ уақыт бойы оларды адамдардың өміріне бейімдемек болыпты. Бәрібір бойлары үйренісе қоймаған олар кейін келе ауыра бастаған...

сурет:matchhouse.narod.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

5768 5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 02 қараша 2012, 15:45
Пікірлер
+0
02 қараша 2012, 16:15

Аң, жануарлардың бойларында кішкентай тіршіліке деген мейірімнің болатыны жасырын емес. Бір қасқыр жемтік іздеп жүріп, жаңа туған лақты көреді. Енді жейтін шығар деп жатқанда, әлгі аш қасқыр күрт өзгеріп, лақты бауырына басады. Дәл осы сюжетті теледидардан көрген кезімде, қатты әсерлендім. Осы оқиғаны түсіріп алған түсіруші топқа разы болғаным бір бөлек, аңның мейіріміне елжірегенім бір бөлек. Кейде адамдардың жүрегі тас болып қатып жібімегенде, осы бір аяушылық сезімді аңның бойынан тауып, еріксіз егілесің. Аң құрлы болмағанымыз қалай дейсің...

+0
02 қараша 2012, 16:16

*тіршілікке

+0
02 қараша 2012, 16:29

:cry: :cry: :cry: :cry: керемет екен мен де адамдардан қарағанда жануаралды қатты бағалайм

+0
02 қараша 2012, 16:34

бұл керемет. менің көңілім елжіреп қоя берді...

+0
03 қараша 2012, 12:47

кейде жануарлардың ортасында жүргім келіп кетеді. Олар өсек айтпайды, бір-бірін жамандамайды, күндемейді, аз сөйлейді, ешқашан сатпайды. Тек қана ойсыз жақтары болмаса...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...