Әлемдегі ең ерекше кітаптар

Әлемдегі ең ерекше кітаптар
Бүгін сіз бен біз кітаптар жайлы әңгіме-дүкен құрмақпыз. Жоқ, кітапханаға бармаймыз. Кітапханаларда кездеспесе де, әлемнің ең ерекше кітаптары деген атты еншілеген бұл кітаптарды сіздер де біле жүргейсіздер.

Жүз мың миллиард өлең

Раймонд Квинаудың бұл кітабында 10 сонет бар болғанымен, оның әрқайсысы бір бір тармақтан қырқылған. 

Скульптура-кітап

Брайан Деттмердың лақап аты -  "Кітаптың ішек қарынын ақтарушы". Ол кітаптарды тесіп өрнектеумен айналысады. Бұл үшін Деттмерге пышақ, пинцет, қайшы және кітап керек. Нәтижесінде таңғажайып кітап өмірге келеді. 

Әлемдегі ең үлкен кітап

"Шайтандар інжілі " деген атпен таралған әлемдегі ең үлкен кітаптың нағыз аты - «The Codex Gigas». Оны кім және не мақсатпен жазғаны қазіргі күнге дейін белгісіз болып келеді. Аңызға сенер болсақ, оны тақуалық қылмысы үшін қамауда жатқан бір сопы жазған.

Әлемдегі ең кішкентай кітап

Бұл кітапта не жазылғандығын жай оқу мүмкін емес. Оның тым майда жазылғандығы сонша, тек 600 рет жақындатқанда ғана көруге болады.

Сағат - кітап

Сағаттың қызметін атқаратын бұл құрылғы үш кітаптан тұрады.

Өлім алдындағы кітап

Пьер Менделль — швейцарлық дизайнер өлер алдында өз өмірінің ең маңызды деген күндерін тізіп кітап шығарған. Ал соңында автор өзінің өмірден өткен күнін жазып қалдырған.

Шамы бар кітап


Егер түнде жарық сөніп, кітап оқи алмай қалсаңыз, сізге осы кітапты ұсынар ем. Өз жарығы өзінде...

Аспаздық кітап

Скульптуралық кітаптар

Ағаш кітаптар

Үн өлшемді әліппелер

Түн кітабы


Негізі бұл кітап емес, кітап формасындағы шам. Тек сөрелерде ғана емес, үстел үстінде да тұратын бұл шам ерекше жарық сыйлайды.

Үңгірлі кітаптар

Үңгірлі кітаптар Нью-Джерси мен Нью-Йорк қалаларының сәулетін таныстырады.

Википедия-кітап


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wowfacts.net

А. Әбілхан