Танымал брендтердің атаулары қайдан шықты?

Танымал брендтердің атаулары қайдан шықты?

Әлемдік танымалдыққа ие брендтердің атаулары қайдан шыққан? Баршаға таныс болуы атауларына байланысты ма?

Яндекс. Yet Another Indexer (тағы бір индексатор) сөздерінің қысқартылуынан шыққан.

Adidas. Компанияны бастаған Ади (Адольфа) Даслер құрметіне осылайша аталған екен.

Adobe. Компанияның басшысы Джон Ворноктың үйінің қасында аққан Adobe Creek өзенінің атымен аталған.

Apple. Компания басшысы Стив Джобстың сүйікті жемісі алма болған екен. Өзінің жеке ісіне атауды 3 ай бойы іздеп, осындай қарапайым атау беруді жөн көріпті.

Apples Macintosh. АҚШ-та танымал болған алма түрінің атауымен аталып кеткен.

HP (Hewlett-Packard). Компанияны бастаған Билл Хьюлетт пен Дэйв Паккард бренд атауында бірінші кімнің есімі тұратындығын тиын тастау арқылы шешкен. Билл Хьюлетт ұтқан.

Nike. Атау грек құдайы Никиден шыққан, ал "найк" деген оқылуы кейін қалыптасқан.

Nokia. Әу баста ағаш өңдейтін зауыттың атауы орналасқан қала - Nokia атымен қойылған.

Reebok. Кішкентай, шапшаң африкандық антилопа атымен аталған.

Samsung. Кәріс тілінен аударғанда "үш жұлдыз".

Yahoo. Бұл сөзді “Путешествия Гулливера” кітабында Джонатан Свифт алғаш жазған. Компанияны бастаған Джери Янг пен Дэвид Фило өздерін "yahoo" атаған. Сол себебті компанияны да солай атап кеткен. Бірақ қазір атауды көбінесе Yet Another Hierarc деп ашып жүр.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А