Шұжық өсетін ағаш?!

Шұжық өсетін ағаш?!

Еуропалықтар ХІХ ғасырдың басында осындай ағаштарды алғаш көргенде, бұталарда шұжықтар өсіп тұр ма деген ойға қалған. Себебі, ағашта өсіп тұрған жемістердің түсі мен ұзындығы 60 см, диаметрі 20 см пішіні шұжыққа өте ұқсас келеді. Өкінішке орай, бұлар - шұжық емес...

Шұжық ағашының гүлдеуінің өзі ерекше. Қызыл әрі шұңғыма тәрізді гүлдері кешке ғана ашылып, түнде жайқалып тұрады. Ал таң атып, күн шығысымен, ашылған гүлдер түсіп қалады.

Дегенмен, алғашында шұжық секілді болып көрінген жемістер жеуге жарамсыз және ешқандай пайдасы жоқ болып шықты. Алайда, «шұжық ағашы» деген атау өсімдікпен бірге біржола қалып қойды.

Шұжық ағашының ғылыми атауы – кигелия. Кигелия басқа өсімдіктер секілді орын талғамағандығымен, маусымға байланысты көктейді. Мәселен, аптап ыстықта бүкіл жапырақтары түсіп, қурап қалады да, күн салқындай бастағанда, жасыл көйлегін қайта киіп алады.


Жергілікті тұрғындар ағаштың жемістерін дәмі ерекше салқын су дайындау үшін қолданады. Ол үшін тұқымды суға жібітіп, жабайы бал қосады да, ашытып қояды.

Сондай-ақ, африкандықтар жемістен жылан уын қайтаратын, жараны жазатын дәрі-дәрмек те дайындайды екен.

Суреттер:tmfoto.ru,natur-israel.livejournal.com,woodenarts.ru


Дайындаған: Айгерім Сматуллаева