Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Сағатты минут арқылы қалай үнемдеуге болады?

Сағатты минут арқылы қалай үнемдеуге болады?

Сағатты минут арқылы қалай үнемдеуге болады?

Егер сіздің жұмысыңыз компьютермен тікелей байланысты болса, онда сізге уақытыңызды үнемдеудің тәсілдері керек-ақ. Олай болса, төменде келтірілген негізгі сегіз кеңеске назар аударыңыз:

1. Жұмыс орныңызға кеңістік таңдап алыңыз.  Әр затты өз орнына қойыңыз. Әр файлды өзіңіз таңдап алған папкаға орналастырыңыз. Бұл іздеген нәрсеңізді тез арада табуға мүмкіндік береді. Бір рет қана осыған уақытыңызды бөлсеңіз, одан соң ешқашан жоқ іздеп уақытыңызды кетірмейтін боласыз. 

2. Ақпаратты іздеп үйреніңіз. Іздеу жүйелері - интернетте ақпарат іздеудің ең қолайлы тәсілі екені белгілі. Бірақ бірнеше секунд аралығында қалаған ақпаратыңызды алу үшін ол жүйелермен де дұрыс жұмыс жасап үйренген жөн. 

3. "Тез орындау батырмаларын" қолданыңыз. "Тышқанның" жұмысы компьютердегі операцияларды едәуір жеңілдететіні сөзсіз. Бірақ "тез орындау батырмалары" арқылы жасалатын жиырма шақты комбинацияларды үйреніп алсаңыз, жұмысыңыз одан да жеңілдеп, компьютер жұмысы да шапшаң бола түседі. Ал сіз бұл арқылы бірнеше минутыңызды үнемдейсіз. 

4. Пернетақта бетінде саусақпен шапшаң "жүгіріп" үйреніңіз.  Егер сіз күніне компьютер алдында кем дегенде 3 сағат отырсаңыз, онда сіз үшін пернетақта бетінде "жүгірудің" мәні үлкен. Жұмысыңызды жеңілдетіп, уақытыңызды үнемдеудің ең оңтайлы тәсілі де - осы. Көп адамдар осы әріп теруге келгенде уақытының біразын жоғалтатыны бар. Ал бұл тәсілді меңгерсеңіз, сіз уақытыңызды екі есеге дейін үнемдей аласыз. 

5. Дұрыс құралдарды пайдаланыңыз. Өз жобаңызға арналған керекті құралдарды іздеу де бірнеше уақытты алатыны белгілі. Сондықтан оны да тиімді жолға қойыңыз. 

6. Автоматизацияны қолданыңыз. Барлық процестерді қолмен емес, оларды автоматтандыруға машықтаныңыз. Автоматтандыру сізді керек емес іс-әрекеттермен айналысу мүмкіндігінен айырады. Бұл да сіздің алтындай уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

7. Қарапайым тапсырмаларды кейінге қалдырмаңыз.  Ұсақ-түйек жұмыстар да жиналып, үлкен жұмысқа айналатыны белгілі. Сондықтан егер бұл жұмыстар екі минуттан аз уақытты алатын болса, онда сіз оларды дереу бітіріп тастауға тырысыңыз. 

8. Алдыңызға нақты мақсат қойыңыз. Егер сізде алға қойған нақты мақсат болмаса, онда сіз бүкіл уақытыңыз бен күшіңізді текке жұмсаған боласыз. Тек қана нақты анықталып алынған мақсат қана жетістікке әкелетіні белгілі. Сондықтан егер сіз жетістікке жету жолында үнемі сәтсіздікке ұшырап жатсаңыз, мақсатыңызды қайтадан қарап көріңіз. Мүмкін қате сол сіздің мақсатыңызда жатқан шығар.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: office.com

3705 2
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 29 қазан 2012, 20:51
Пікірлер
+0
30 қазан 2012, 09:12

Нағыз маған керек нәрсе екен

+0
30 қазан 2012, 10:36

Ұнады, пайдалы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...