Жағымды жаңалықтар

Жағымды жаңалықтар

Жапонияда карточканы қажет етпейтін банкоматты шығару қолға алынбақ. Бар болғаны туған күніңізді айтып, қолыңызды қою арқылы ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз.

Пайдаланушының биометрлік мәліметтері арқылы банкомат іске қосылады. Карточканы көп жоғалтатын адамдарға таптырмас дүние екені сөзсіз.

Банк мамандары банкоматтың 18  данасын шығарып отыр.  

«Tesla» компаниясы тұрмыста бірнеше электрозаправкінің тұсаукесерін кесті. Осы бір жанармай құю орталықтары күн энергиясының арқасында тегін жұмыс істейді.

Қазіргі таңда компания Калифорнияда «Supercharger» деген атаумен бірнеше орталықты іске қосты. Еуропа мен Азияның жолында тұратын орталықтардың саны 2015 жылы 100-ге дейін жетпек.

Норвегиялық университеттің бір топ студенттері «ақылды күртеше» ойлап тауып отыр. Яғни осы бір күртешені тікелей «Facebook» желісіне қосу арқылы төтенше жағдайда орына алатын қиындықтар мен олқылықтардың алдын алуға болады-мыс.

Бірінші кезекте төтенше қызмет бөлімінде жұмыс істейтін мамандардың жұмысы жеңілдейді. Олар жоғарыда аталып кеткен әлеуметтік желі арқылы дер кезінде ақпарат алып, дер кезінде адамдарың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Айта кететін болсақ, негізгі байланыс бөлігі күртешеде орналасқан. Дірілдеткіш арқылы ақпараттың келген-келмегені анықталады. Және келе қалған күнде құлаққап арқылы микрофонмен байланысқа шығу мүмкіндігі туады.

Археологтар біздің заманымызға дейін 4800 жыл бұрын салынған бірнеше қабатты ғимаратты тапты.

Аталған ғимаратты болгарлық ғалымдар Петко ауыл-аймағынан тауып отыр. Үйдің ұзындығы 12-15 метр болса, ені 6 метрді құрайды. Және ғимарат бірнеше қабаттан тұрған.

Археологиялық топ мұндай ғимараттардың санаулы ғана екенін алға тарта отырып, ежелгі құрылыстың өз артықшылықтары болғанына көздері жеткен сыңайлы.

Мұнымен қоса, ғимараттан бес жүзге жуық құрал-жабдықтар мен әшекей-бұйымдардың көзі, қармақ дегеннің түр-түрі табылды. Бұл дегеніміз, ол кездің адамдары балық аулаумен шұғылданған. 

сурет:tech.obozrevatel.com; prorobot.ru; golosscience.com; zaem-deneghome.ru; bizion.mk.co.kr

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига