Марста полиэтилен қайдан жүр?

Марста полиэтилен қайдан жүр?

Қызыл планета бетіне биылғы жылдың 6 тамызында ұшырылған "Кьюриосити" марсоходы күн өткен сайын өзінің жасаған фотосуреттерімен таң қалдыруда. Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын "Кьюриосити" Марстан жүрекке ұқсас минералдың суретін жіберген еді. Міне, енді арада аздаған уақыт өткеннен соң марсоход тағы да қызықты бір суретін жіберіп отыр. 

Бұл жолы объектив назарына полиэтиленге өте ұқсас (тіпті полиэтилен де болуы мүмкін) зат түскен. NASA мамандарының "Туиттерде" жариялаған суретінде әлгі заттың ұзындығы - 1,3 см деп көрсетілген.

444444 

Сенсацияға жаны құмарлар бұл затты бірден бөгдепланеталықтардан қалған деп айтып үлгеріп жатыр. Бірақ NASA ғалымдары бұл жөнінде асықпауға шақырады. Олардың айтуы бойынша, суреттегі белгісіз полиэтилен Қызыл планета бетіне қону кезінде марсоходтың өзінен бөлініп қалған болуы мүмкін. Бірақ ғалымдар мұны да кезекті болжам болуы мүмкін екенін ескертеді.

Ал сіздің ойыңызша, полиэтилен Марсқа қайдан келуі мүмкін?

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: era111.livejournal.com, glavred.info

Б. Қосмағамбет