Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Үштік ұғымдар

Үштік ұғымдар

Санға байланысты даналық сөздер ары-беріде біздің қазақта ғана болса керек. Бабалар қалдырған осынау даналықты ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізу біздің борышымыз. Бүгін алдарыңызға "үш" санына байланысты сөздерді әкеліп отырмыз. Жеті саны туралы айтып өттік. Қазақ ырымдап, жақсылыққа балаған төрт, бес, тоғыз, он бір, қырық сандары туралы алда тағы да мәліметтер беретін боламыз. 

1. Үш жұрт:

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт   

2. Үш байлық:

Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.

3. Үш қуат:

Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.

4. Үш арсыз:

Күлкі арсыз, тамақ арсыз, ұйқы арсыз.

5. Үш қадірлі:

Ырыс қадірлі, бақ қадірлі, дәулет қадірлі.

6. Үш қадірсіз:

Жастық шақ қадірсіз, денсаулық қадірсіз, жақсы жардың қадірін білмеу.

7. Үш жамандық:

Қан төгу, кесі ақысын жеу, ескі жұртты бұзу.

8. Үш тәтті:

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

9. Үш ақиқат:

Қымбат – шындық, арзан – өтірік, дауасыз – кәрілік.

10. Үш қуаныш:

Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, жақсы ісіңнің өшпеуі.

11. Үш биік:

Билік, дәулет, даналық.

12. Үш тұл:

Қайратсыз ашу тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл.

13. Үш кедейлік:

Кежірлік, еріншектік, ұйқы.

14. Үш бақытсыз:

Жаман ат, жаман қатын, жаман көрші.

15. Үш көз:

Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

16. Үш тоқтам:

Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.

17. Үш қасиет:

Өліде әруақ, малда кие, аста кепиет.

18. Үш тағылым:

Мейірімнен сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесапат.

19. Үш зая:

Ақымаққа айтқан сөз зая,

Қараңғыға телмірген көз зая,

Болмашыға қайрылған өмір зая.

20. Үшке тоқтау қыл:

Өмірге тоқтау қыл, өлімге тоқтау қыл, көңілге тоқтау қыл.

21. Үш мақтаншақ:

Қатынын мақтаған, атын мақтаған, асын мақтаған.

22. Үш жүйрік:

Көңіл жүйрік, тіл жүйрік, қол жүйрік.

23. Үш жаман:

Тастарманда қатын жаман, көшерменде жұрт жаман, жұтағанда қыс жаман.

24. Үш жау:

Шайпау болса қатын жау, қыдырмаш болса қызың жау, тілазар болса ұлың жау.

25. Үш жетім:

Ер алмаған қыз жетім, қаз қонбаған көл жетім, шалғыны жоқ жер жетім.

 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: arka-ajari.kz

11384 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 16 қазан 2012, 14:19
Пікірлер
+0
16 қазан 2012, 18:03

одан кейін анандай бар ғой армияда: Таак, Үшке дейін санаймын... деген)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...