Телефон арқылы компьютерді қалай басқаруға болады?

Телефон арқылы компьютерді қалай басқаруға болады?

Ең алдымен TweetMyPC бағдарламасын жүктеп алып, оны қондыру қажет. Бағдарламаның мекен-жай бетшесінде тек қана сілтемесімен тексттік құжаттар жүктелініп алынады, сондықтан ең дұрысы осында кіріп, керекті құжатыңызды  жүктеп алыңыз.

Қондыру аяқталғаннан кейін, бағдарламаны жіберіңіз және өзіңіздің тіркеу мәліметтеріңізді енгізіңіз. Туиттерді қосу үшін сізге қызмет көрсету сайтына көшуге, қосымшаны авторластыруға тура келеді, содан соң бағдарлама терезесіне сіз үшін арнайы құрастырылған пин-кодты енгізіңіз.

Енді Save and Hide батырмасын басамыз және содан соң бағдарлама бір бұрышқа жиналады да, сіздің "БЕЛГІЛЕУ" бұйрығыңызды тыныш күтіп тұрады. TweetMyPC  көмегімен компьютерді қайта жүктеуге, процестерді тоқтатуға және жіберуге, өз мәшинеңізден құжаттар алуға, интернеттен жүктеулерді бастауға, дауысты басқаруға және тағы басқа көптеген бағдарламаларды қосуға болады.

545457

                    Twitter арқылы компьютермен байланысу/lifehacker.ru

Сіздің барлық орындалған бұйрықтарыңызды бағдарлама Туиттерге баяндайды, сондықтан бірнеше уақыттан кейін сіз және сіздің компьютеріңіздің арасында жаңа қатынас хаттар пайда болады. Бір жағынан бұл кішкене қызық болып көрінуі мүмкін, бастысы ол сенімді әрі тиімді жұмыс істейді.

TweetMyPC қолданушыларға кез келген құрылғы арқылы өзіңіздің компьютеріңізбен туиттерге қосылу шартымен  жеңіл және жылдам жұмыс істеуді ұсынады. Басқа жүйелермен салыстырғанда, бұл шешім жеңіл келтіріліп, орнықты мекен-жайды талап етпейді.

455555

               Тек Windows / lifehacker.ru арқылы қолдануға болады

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: tehno.bigmir.net

Massaget