Зейнетақы туралы мәліметтер

Зейнетақы туралы мәліметтер

Алғаш зейнетақы жүйесі XV ғасырдың екінші жартысында XI Людовиктің патшалығында болғанАл алғаш рет барлық жұмыскерге ортақ  мемлекеттік зейнетақыны ресми түрде Германия канцилері Отто фон Бисмарк енгізді. Бұл 1889 жыл болатын. Кейіннен, 20 жылдан соң зейнетақы жүйесінен хабардар болған көбі өз мемлекеттеріне енгізіп жатты. Олар: Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары. Олар Германияға қарағанда бұл жүйені мемлекеттеріне кеш енгізді. Яғни бұл елдер ХХ ғасырдың 30 жылдарында зейнетақы жүйесін толық кіргізді. Ал Қазақстанға зейнетақы жүйесі Кеңес Одағы арқылы жетті. Ресейге бұл жүйені әкелген I Петр болатын. Бұрындары зейнетақы елге жасаған ерлігі үшін әскери шені бар адамдарға берілсе, кейіннен бұл заңға өзгертулер енгізіліп, 1918 жылдан бастап зейнетақы мүгедек жандарға берілетін болған. 1923 жылдан бастап кәрі большевиктерге, 1928 жылдан бастап, тау-кен ісі мен тоқымалық өнеркәсіпте еңбек ететіндерге беріле бастады. Ал 1937 жылдан бастап, барлық қаладағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің де қолына тиді.

Қазір әлемнің көптеген елдерінде зейнетке шығу жасы 65 жас болып саналады. Еуропа мен АҚШ-та 2060 жылдары зейнетке шығу жасын әйелдер үшін де, ерлер үшін 70 жасқа жоғарылату көзделіп отыр.

Ал қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары зейнетке шығу жасы – 70 жас. 70-ке дейін өмір-өзенімен ағып келуге шамасы келген қарт кісі зейнетақының қызығын сонда ғана көреді.

Әлемдегі ең мардымсыз зейнетақыны Грузия халқы алады. Ол жерде зейнетақы құны бар болғаны 40 долларды ғана құрайды.

Ал әлемдегі ең көп зейнетақы дат қарттарының қалтасында. Дәл осы мемлекетте зейнеткерлер айына 2800 долларды қалтасына басады.

Әлемдегі ең көп зейнетақы иесі ретінде швед Перси Барневиктің есімін елемей өтуге болмас. Инвестициялық қордың басқармасында атқарушы болып жұмыс жасаған кезінде ол өзінің зейнеткерлік қорына 100.000.000 доллар жинаған.

Ал қытайда тек әскери шені бар, не болған қарттар ғана зейнетке шығып, өзіне тиесілі қаражатын алады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: ru.123rf.com, razzlog.com

А. Әбілхан