Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қолшатыр - ғашық серінің сыйы

Қолшатыр - ғашық серінің сыйы

Қолшатыр - ғашық серінің сыйы

Күз бен жаңбыр егіз ұғым. Сары күзбен бірге көп ұзамай жауынды күндер басталады. Алматылық тұрғындар алғашқы жауындарды да өткеріп үлгерді. Қолайсыз ауа-райында бәріміздің есімізге ең керек аксессуар – қолшатыр түсті. Қолшатыр – тек қана әдемі аксессуар емес, сонымен қатар қолайсыз ауа-райы бола қалған жағдайдағы басты қорғанымыз. Ал сіз осы қорғаныңыздың тарихын білгіңіз келе ме?

Ендеше, бүгінгі жазбамыз тек сіз үшін!

Қолшатырдың отаны ретінде Қытай мен Египетті атауымызға болады. Ең алғашында бұл мекендерде қолшатыр – ақсүйектер мен патшалардың желпуіші ретінде қолданылды. Оның шыққан уақыты – б.з.д ХІ ғасыр. Осы ғасырларда қолшатыр – биліктің нышаны ретінде кеңінен танымал болды. Ол кездерде қолшатырды ұстауға тек патша отбасының мүшелері мен ақсүйектер ғана рұқсат алды.

Қолшатырды жасаған адамды біліп, алғыс айтқыңыз келіп отырған болар? Өкінішке орай, ол «тапқышбектің» есімі тарих беттерінде қалмаған екен.

Тек қана аңыздарға құлақ түре отырып бір деректің бетін аша аламыз. Ертеде есімі белгісіз бір қытайлық сері өз әйелін жанынан да артық жақсы көрген екен. Әйелім аптап ыстықтан қиналмасын деген ниетпен, сүйіктісіне қолшатыр жасап берген көрінеді. Ал сол «махаббат сыйын» сіз бен біз өз кәдемізге жаратып келеміз.

Уақыт өте келе, қолшатыр Ежелгі Египет және Вавилон жеріне жетті де, күннен қорғанатын құрал ретінде пайдаланыла бастады. Ғылыми деректердің көрсетуінше, ол қолшатырлардың салмағы 2 келіден асқан, ал тұтқасы 1,5 метрге жуық болған.

XVII ғасырдың басында Франция жеріне жеткен қолшатырлар, тек XVIIІ ғасырдан бастап қана жаңбырдан қорғаныш ретінде қызмет етті. Алғашында сүйкімсіз көрінетін қолшатырларға сән берген де осы Франция елінің ханымдары. «Сән» деген ханым Франция жерінде өз патшалығын құрысымен, түрлі-түсті қолшатырлар дүниеге келе бастады да, ер азаматтарға арналған түрлері де ойлап табылды. Бүгінде қолшатырлардың ағаштан, пластамассадан, темірден жасалған түрлері бар, тіпті ғаламтор-қолшатырлар да пайда болды.

Күздің жауынды күндері басталмай тұрып, қолшатырды таңдауға арналған кеңестерімізді оқып алып, уақыт өткізбестен дүкен есіктерін қаққаныңыз жөн болар.

Суреттер:diary.ru,you-fit.ru,poshivchik.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5858 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 қазан 2012, 16:15
Пікірлер
+0
11 қазан 2012, 16:38

Ежелгі қытайлар ойлап таппаған нәрсе жоқ....Кейінгі Париждіктерге түрлендіргені үшін көп рахмет

+0
11 қазан 2012, 17:54

Шынымен қызық тарих екен, махаббат не істетпейді ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...