Дәрігер 12 жасар баланың өкпесінен тірі балық тапты

Дәрігер 12 жасар баланың өкпесінен тірі балық тапты

Үндістан дәрігерлері өте сирек кездесетін операция жасап, 12 жасар баланың өкпесінен тірі балық алды.

Анил Барэле деген бала жылғада ойнап жүріп, судан ұстап алған тірі балықты жұтып жіберген. Алайда, балық баланың асқазанына емес, бірден өкпесіне барып түскен. Өкпедегі балық шорши бастаған кезде, балаға ауа жетпей тұншыға бастайды.

Тынысы тарылғаннан көгеріп кеткен Анилды ата-анасы бірден ауруханаға жеткізеді. Жасалған рентген суреттеріне қарағанда, бала өкпесінде кішкене балықтың бар екені анықталып, оған жедел түрде операция жасайды. Операция жалпы 45 минутқа созылған. Бір қызығы хирургиялық көмек кезінде алынған балық әлі тірі болып шыққан.

Хирургтар өздерінің ұзақ жылдық тәжірибесінде тұңғыш рет тұншығудың осындай ерекше түрімен кездескендерін мойындады, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: ru.123rf.com

Қ. Қауымбек