Атақ не істетпейді? Бәрін де...

Атақ не істетпейді? Бәрін де...

Ағылшын жазушысы Чарльз Диккенс әр 50 жол жазбасынан соң, қайнап тұрған бір аяқ суды ішіп алады екен. Ал неміс композиторы Иоганнес Брамс шабыттану үшін аяқ киімін қайта-қайта тазалайды. Исаак Ньютон болса, бір қолына жұмыртқа ұстап тұрып, екінші қолымен қалта сағатын суға қайнатқан. Мұны сонда қалай түсінеміз?

Бәрі демесек те, даңққа бөленген, даналығымен дараланған ұлы адамдардың көбінде мұндай «аңғалдық» бар. Артында аңыз боп қалған жағдайларына қарап отырсаңыз, тіпті де күлкілі.  

Соның бірі Сальвадор Дали десек болады. Оның түр-әлпетінің өзі: байыппен таралған ұзыш шашы, қалың мұрты адамның көңілін аудармай қоймайды. Өзінің мойындауы бойынша, таң әлетінен-ақ «бүгін не бүлдірсем екен?» деген ойға қалады екен. Жоспары жүзеге асатын тұлғамыздың қызығын қарай көріңіз.

Дали өзінің Америкаға бірінші сапарында күтіп алушыларға «шедевр» туындысын көрсетіпті. Онда өзінің музасы Галаның суреті бар екен де, ал оның иығында қой етінен қуырылған ет бар екен. «Мынауыңыз не? Әйел мен еттің не байланысы бар?» деген сауалға оның жауабы былай болыпты: «Мен өз музам мен қуырылған қойдың етін жақсы көремін. Міне, қандай гармония!»

Тағы бірде, Нью-Йорктағы лекцияларының бірінде ол суда жүзетін киім киіп, сүңгуір шлемін басына іліпті. Бұның себебін ол сезімнің түбіне дейін тереңге батыру үшін осындай жолға барғанын айтады. Осы сөзді күлмей айта алған оны дәріс тыңдаушылар жындыға балаған екен.  

Бұл бұл емес, тарихтағы атақты қолбасшы Александр Суворов кешкі алтыда шөптің үстінде ұйқыға кетіп, түн ортасы ауғанда, екіге таяу оянады екен. Сол бойда салқын суға кіре сала «Ку-ка-рек-ку!» деп жер-әлемді басына көтеретін әдеті болыпты. Ал жоғары шенді қонақтары келсе, олардың алдында іш киіммен көріне беретінін қалай түсінсек болады? Бұдан бөлек, қолбасшы-екеміз өз қарамағындағылардың үйлендіруге шебер екен. Бойы мен түр-сипатына қарап отырып, бір күннің ішінде жиырмаға жуық қызметшісін некелестірген.   

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Уинстон Черчиль Бір түнде 2-3 төсек ауыстырады. Түннің бір уақытында қызметшілері дайындап қойған кереуеттерді ауыстырып жататынын ол қатты терлейтінімен түсіндіріпті. Ал күндіз Черчиль қуыршақ әскерлерді соғыстырып ойнайды.

Мұны да қойдық, ХХ ғасырдың ең ақылды адамы Альберт Энштейн шұлық кимеген.

Николай Гоголь макарон дәмдеудің шебері! Ол Рим қаласындағы барлық даяшылармен танысып, олардың атақты ас мәзірлерін жатқа білген.

Оноре де Бальзак жұмысқа отырмас бұрын, 5-6 аяқ кофе ішкен көрінеді. Ал өмір бойында ол 50 000 аяқ кофені сімірген екен!

Бұл аз десеңіз, Вальтер Нернст тәулігіне 50 аяқ кофеге дейін ішеді.

Иә, оқырман, ендігіде сіз де комплекстеріңізді қойып, ойыңыздағы істі жүзеге асырыңыз. Кім біледі, қандай да бір салада мүмкін сіз де тарихта қалып қоярсыз?..

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: c-cafe.ru

А. Құлтай