Артық затты табыңыз... (жауабы)

Артық затты табыңыз... (жауабы)
Фото: adme.ru

Кеше логикалық суреттер топтамасын назарларыңызға ұсындық. Әркімнің әртүрлі ойы мен қырағылығы сыналған сәтте көпшіліктің дұрыс жауап беріп жатқанын да байқадық. Ал, бүгін осы суреттерде шын мәнінде қандай артық нәрсе болғанын көрсетейік. 

Маусым айында 30 күн болғандықтан, бұл жерде кестедегі 31 маусым күні дұрыс емес. 

Көптеген адам бұл жерде сөмкенің артық екеніне баса назар аударған. Алайда, мұнда айнада оң қол дұрыс тұрмағаны көрсетілген. 

9 және 11 сандарының орны ауысқанын байқаған боларсыздар. 

Шырша ағашында жүзім өспейді. Сондықтан шыршаның бұтағындағы жүзім артық. 

Әткеншектің үстелінің астындағы жіптің түйіні артық. Өйткені мұндай әдісті пайдаланған кезде кішкентай қыз құлап кетеді. 

Суретке назар аударсаңыз, кешқұрым уақытта сағаттың 2-00 немесе 14-00-ді көрсетуі мүмкін емес. 

Суреттеі сол жақтағы пойыздың басты локомотиві жоқ. 

Кеменің жан-жағындағы ағаштар жақын орналасқан. Жақсылап қарасаңыздар, кеменің ол жерден өтуі мүмкін емес екенін көруге болады. 

Құм шелектің орнына тұрмыста пайдаланылатын шелектің тұрғаны артық.

Мұз үстінде сырғанап жүрген бойжеткеннің аяғындағы ролик бәтеңкесі артық.

B. ZHAQSYMBET