Автор Гарри Поттер туралы кітаптарын қайта жазып шықпақ

Автор Гарри Поттер туралы кітаптарын қайта жазып шықпақ

Гарри Поттер жайлы кітаптардың авторы Джоан Роулинг осы сериядағы екі романын қайта жазып шықпақ, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Бұл туралы британдық жазушы жаңа "Бос орын" (The Casual Vacancy) романының презентациясы кезінде айтты.

ва

Джоан Роулинг

"Гарри Поттер туралы жазылған 1-2 кітабымның қайта қарап шығуды талап ететіндігін анық білемін. Себебі бұл кітаптарды өте қысқа мерзімде аяқтап шығуға мәжбүр болдым. Бір күні осы еңбектеріме көз салып отырып: "Құдай-ай! Мен бұл туындыларды тағы бір қарап шығуым керек" деген ой келді", - деп ағынан жарылды Роулинг. Дегенмен жазушы бұл жұмыстарға қашан кірісетіндігін айтқан жоқ.

Айта кетелік, Роулингтің жас сиқыршы туралы алғашқы романы 1997 жылы жарық көрген болатын. 1998-2007 жылдары Гарри Поттер туралы тағы да 6 кітап шықты. Туындылардың барлығы 74 тілге аударылып, барлығы 450 миллион дана тиражбен таралды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mitya-cereal.livejournal.com