Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Көк жәшік қалай пайда болды?

Көк жәшік қалай пайда болды?

Көк жәшік қалай пайда болды?

 Алғашқы кең қолданыс тапқан теледидарлардың өндірісі XX ғасырдың 30 жылдары басталған. Алайда, бұл ашылудың жүзеге асуы үшін ғалымдар ондаған жылдар ішінде аянбай еңбек етіп, мыңдаған тәжірибе жасаған.

Теледидар тарихы фотоэффект құбылысының ашылуымен тікелей байланысты. Алғашында ішкі фотоэффект құбылысы қолданыс тапқан, оның  мағынасы мынада еді: кейбір жартылай өткізгіштер жарықтандырылса, олар өз электр кедергісін күрт өзгертеді. Осындай қызық ашылуды алғаш рет ағылшын ғалымы Смит жасаған болатын. 1873 жылы ол кристалданған селенмен жасаған тәжірибесі жайлы баяндап, ғалымдармен ой бөліскен. Бұл тәжірибеде селен жолақтары платина кірістері бар түтікшелердің ішінде дәнекерленген. Түтікшелер күн сәулесі түспейтін қараңғы жерлерде сақталынатын. Қараңғы жерде селен жолақтарының кедергісі күрт өсіп, тұрақтылық көрсеткен. Күн сәулесі сәл түскен жағдайда, селеннің өткізгіштігі 15-100 %-ға  жоғарлайтын.

Кейін келе Смиттің жасаған ашылуы теледидар өндірісінде кең қолданыс тапты. Кез келген затты жарықтандырса немесе өзі жарық көзі болса, ол көрінеді, бұл бәрімізге мәлім. Бақылап отырған затымыз жарық немесе қараңғы бөліктері бір-бірінен шағылған немесе жарқыраған сәуле интенсивтілігімен ерекшеленеді. Теледидардың жұмыс істеу принципі де осының негізінде құрылған: кез келген бейнені жарық немесе қараңғы түктелердің жиынтығы деп қарастыруға болады.

1888 жылдың ақпанында орыс ғалымы Столетов жарық көзінің тоққа әсерін айқындайтын тәжірибе жасап, бұл құбылысты сипаттайтын бірнеше заңдылықтарды ашады. Қазіргі фотоэлеметтердің түп бейнесі болып табылатын құрылғыларды құрастырып, «электр көзі» деп аталатын құрылғыны ойлап табады. Кейін келе осыған ұқсас жұмыстармен Ф. Ленард, Дж. Томпсон, О. Ричардсон, П. Лукирский,  С. Прилежаев деген ғалымдар айналысқан. Бірақ фотоэффект құбылысын  толықтай тек Альберт Энштейн түсіндіре алды.

Бұл зерттеулермен қатар, теледидардың дамуы мен құрастыруына зор үлес қосқан  басқа да тәжірибелердің ашылуы кең етек алған. Мысалы, 1879 жылы ағылшын физигі Уильям Крукстың ойлап тапқан құрылғысының (люминофор) жұмыс істеу принципі қызық еді. Құрылғыға катод сәулесін түсіргенде, ол жарқырап тұратын. Кейін келе люминофордың жарықтандыруы, оған түсірілген сәулелену күшіне тура пропорционал екендігі анықталды. 1887 жылы алғашқы катод-сәуле  түтікшені неміс физигі Карл Браун құрастырып, ғалымдардың оң бағасын алған еді.

1907 жылы Борис Розин Карл Браун шығарған катод-сәуле түтікшенің көмегімен бейне алудың теоретикалық мүмкіндігін айқындайды деген пікірге келеді. Розин бұны іс жүзінде  де жүзеге асырады. Бейне ретінде қозғалмайтын бір нүкте алғанына қарамастан, бұл теледидардың дамуына әсер еткен батыл қадам еді. Жалпы айтқанда, электронды телевизионды жүйелердің дамуына Розин аянбай тер төкті. 1933 жылы АҚШ-да өмір сүрген орыс эмигранты  Владимир Зворыкин халық назарына иконоскоп ұсынған. Иконоскоп – электронды таратқыш түтікше. 

Механикалық теледидарлар

1884 жылы алғашқы механикалық сканерлеу құрылғысын неміс инженері Пауль Нипков құрастырған болатын. Құрылғының құрамындағы диаметрі 50 см дисктің бетіне шиыршық тесіктер жасалынған. Осылайша бейненің сканерлеу процесі жарық сәуленің көмегімен жүзеге асырылып, белгі әрі қарай арнайы түрлендіргішке таратылады. Теледидардың ішінде бұл процесс кері тәртіпте жүзеге асырылып, жарық сәуле шығарғыштың орнына неондық шам қолданылды. Бейне тармақ-тармақ ретінде көрінгенімен, адам көзі көре алатын жылдамдықпен  кескінделді. Осылайша алғашқы теледидар ретінде проекционды үлгілер жарық көре бастады. Бейненің сапасы сын көтермейтін, бірақ кескіндер мен көлеңкелер анық көрінбегенімен, экран бетінен  негізгі бейнені көруге болатын. Нипковтың дискісі механикалық теледидар жүйелерінің басты құраушысы ретінде пайдаланылды.

1925 жылы швед инженері Джон Брэд алғаш рет айқын көрінетін адам кескінін таратқан еді. Бұл істе де Нипков дискісі қолданылған. Бірнеше жылдан кейін Брэд жылжымалы бейне тарата алатын тележүйе құрастырып, теледидар дамуына үлкен үлес қосқан. Алғашқы электронды теледидарды 1936 жылы Зворыкинның басқаруындағы американдық RCA ғылыми-зерттеу лобараториясы жасап, 1939 жылы  экран диагоналі 5 дюйм болатын RCS TT-5 атты үлгіні көптеп шығарады. Алғашында теледидардың дамуы механикалық және электронды бағытта жүргенімен, механикалық үлгілердің дамуы XX  ғасырдың 40 жылдарында толықтай тоқтатылған.         

Теледидарлардың өңдеуі мен шығарылуы КСРО аумағында да жүріп отырған. Алғашқы тәжірибелік телесеанс КСРО аумағында 1931 жылдың 29 сәуірінде ұйымдастырылған, сол жылдың 1 қазанынан бастап, телебағдарламалар жиі-жиі көрсетіле бастады. Халықтың көбінде теледидар болмағандықтан, арнайы жерлерде бірлескен көрсетілімдер ұйымдастырылды. 1934 жылдың 15 қарашасында дыбысы бар алғашқы телебағдарлама КСРО аумағына таратылды. Ұзақ уақыт бойы «Бірінші»  арна  ғана жұмыс істеп, Ұлы Отан Соғысы басталған кезде өз жұмысын тоқтатып қойып, соғыс біткеннен кейін қайта ісін жандандырды. Ал 1960 жылы КСРО халқы  экран бетінен «Екінші» арнаның бағдарламаларын тамашалай алатын болды. Алғашқы көптеп шығарылған кеңес теледидары - Б2 үлгісі еді. Бұл механикалық үлгі 1932 жылдың сәуірінде жарық көріп, кейін оның шығарылуы тоқтатылған. Ал алғашқы  электронды теледидар тек 1949 жылы пайда болды, бұл әйгілі КВН 49 еді. Теледидар экранының кішкентайлығы соншалықты, бағдарламаларды ыңғайлы көру үшін оның алдына тазартылған суы бар арнайы линзаны орнатуға тура келетін. Кейін келе одан да жетілдірілген үлгілері шығып, теледидарлар көптеп шығарылды. Дегенмен, КСРО-да жинастырылған теледидарлардың сапасы мен беріктілігі сын көтермегендіктен, сыртқы сауда нарығында бәсекелесе алмайтын еді. Ал КСРО-да түрлі түсті теледидарлардың өндірісі тек 1967 жылы басталған.

 Суреттер history.rsuh.ru, podberi.tv, hammarlund.ru сайттарынан алынған

7873 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 21 желтоқсан 2011, 15:33
Пікірлер
+0
21 желтоқсан 2011, 10:52

Кішкентай терезедегі күллі әлем

+0
02 қаңтар 2012, 14:17

КВН 49 теледидарын кеңес заманында құрастырылған ғылыми техникалық дағдарыстың нәтижесі деуге толық негіз бар

+0
09 қаңтар 2012, 17:47

тура қазіргі автобустағы теледидарлаp сияқты екен))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...