Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Кактус та гүл...

Кактус та гүл...

Жер бетіндегі ыстыққа төзімді өсімдік – кактус. Бұл өсімдік 60 градустық ыстыққа шыдай алады. Кактус өсімдіктердің дені төзе алмайтын ыстық шөл далада өсе береді.

Кактустың сабақтары әр түрлі формада болады. Бірі ұзын, бірі тым көлемді болып келеді.

Алып цереус кактусы — кактустардың ең ірісі болып саналады. Олар кейде 20 метр ұзындыққа дейін өсе алады.

Алып цереус

Эхинопсис түріне жататын кактусты көре қалсаңыз, көзіңізге үлкен кірпі елестері анық; олардың диаметрі екі метрге жетсе, ұзындығы бес метрге дейін жетеді. Ал үстін бірнеше тоннамен өлшенер тікенек басып кеткен.

Эхинопсис

Селеницериустың ұзын сабағы жылан сияқты иіріліп жерге түсіп жатады. Астрофитум кактусының тікенектері жұлдыздарға ұқсайды.

Астрофитум

Ботаниктердің дерегіне сүйенетін болсақ, жер бетінде кактустардың 3000-ға жуық түрі бар.

Кактустардың ең әдемі кезі – оның гүлдеп тұрған шағы. Тікенек басқан сабағында айрықша гүл бүршік атып келе жатқан көрініс кім-кімді де қайран қалдырады. Кактуста өсетін гүлдердің түсі әр түрлі болады: ақ, жасыл, сары, қызыл. Кейбір ерекше кактустардың гүлдеу кезінде түсін өзгертіп отыратыны тағы бар.

«Түн патшасы» деген атты иеленген кактустардың гүлі өте әдемі.

«Түн патшасы»

Бұл өсімдік – Оңтүстік Америкадағы ылғалды тропикалық ормандарда өсетін кактус. Жан-жағы сарғыш қабыршақтармен қоршалған үлкен ақ түсті гүл табиғаттың ерекше бір сыйындай. Ол тек кеш түскенде ғана ашылып, бір түн ғана гүлдеп тұрады.

Кактустардың отаны Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Америка болып табылады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: kotofot.ru, podmoskovje.com, es.wikipedia.org

12742 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2012, 14:20
Тегтер: кактус, гүл,
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2012, 14:44

Суреттегі кактустар әдемі екен, пайдасы да көп

+0
19 қыркүйек 2012, 14:52

Тікенектерін әдейілеп фракталдық графика заңдылықтарын қолдана отырып тізілгендей, керемет.

+0
19 қыркүйек 2012, 14:46

Айтпақшы, компьютердің қасына кактус қоюдың еш пайдасы жоқ. Саулеленуден қорғайды деген жәй сөз, бұған маман ретінде кепілдік бере алам^_~

+0
19 қыркүйек 2012, 14:55

Кактустарға да миллиондаған жыл болған шығар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...