Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қаражат үнемдеудің тиімді жолы немесе люминесцентті шамдар

Қаражат үнемдеудің тиімді жолы немесе люминесцентті шамдар

Қаражат үнемдеудің тиімді жолы немесе люминесцентті шамдар

Қазіргі кезде бүкіл әлем электр энергия тапшылығы проблемасына тап болды. Бірақ адам баласы қандай мәселе туындамасын оны шешуге қашан да дайын. Сондықтан да электр энергия қорегін үнемдеу мақсатында ғалымдар ірі көлемді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шам құрылғылар өндірісінде елеулі жетістіктерге  қол жеткізген. Нәтижесінде люминесцентті жарық шамдары пайда болды. Осы шамдар үйреншікті қызу шамдарына қарағанда, электр энергия қорегін әлдеқайда тиімді пайдаланып қана қоймай, оған қоса ұзақ жұмыс істеу уақытымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің басым бөлігі осы шамдарды көптеп қолданысқа енгізу жұмыстарын жүргізіп, заңнамалық актілердің негізінде қызу шамдарының өндірілуін тежеп жатыр.

Томас Эдисонның ойлап тапқан қызу лампасы қазір де өте үлкен сұранысқа ие. Кейбір жағдайларда олардың қолданылуы люминесцентті шамдарға қарағанда тиімді болғанымен, заман талаптарына сай ұтымды өнімділік пен электр энергия қорегін тұтыну көрсеткіштерімен мақтана алмайды. Сонымен, люминесцентті шам деген не?

Ең алдымен екі электр құрылғының бір-бірінен айырмашылығын байқау үшін екі шамның жұмыс істеу технологиясын қарастырайық. Қызу лампасының ішінде орналасқан өзекше қызу элементі деп аталады. Электр тоғы бұл өзекшені жарық шыққанша қыздырады. Былай айтқанда қарапайым үйреншікті шамдарды үлкен қызу элементі десе де болады. Сондықтан да қарапайым шам өте ұзақ уақыт бойы жанған кезде бөлменің температурасы өсіп отырады.

Негізінде стандартты шамдар электр энергияның 90%-ын жылуға айналдырады да, пайдалы әсер коэффициентінің төменгі деңгейін көрсетеді. Электр энергияның мұндай тиімсіз қолданылуы коммуналды төлемдердің өсуіне әкеледі. Шам тек өте жоғары температураларда ғана жарық шығарғандықтан, құрылғының ішінде орналасқан өзекше өте тез жанып кетеді. Бұл жағдайдан қызу шамдарын жиі алмастыруға тура келеді.

Люминесцентті шамдардың жұмыс істеу принципі газоразряд процесіне негізделген. Сондықтан да мұндай шамда электр энергия қорегінің үлкен бөлігі жарық шығаруға жұмсалады да, тек кішкентай үлесі ғана жылу бөлуге қатысады. Байқасаңыз, люминесцентті шамдарды қолдану әлдеқайда тиімді. Оның артықшылықтары:

1 Тиімділік. Люминесцентті шам қызу шамына қарағанда 20-33% электр энергиясын аз пайдаланады.

2 Жұмыс істеу ұзақтығы. Люминесцентті құрылғылар қызу шамына қарағанда 8-15 есе ұзақ жұмыс істегендіктен, шамдарды сатып алу мен электр энергияға кеткен шығындар әлдеқайда төмен болады.

3 Қауіпсіздік. Қызу шамдарына қарағанда люминесцентті құрылғылардың  шығаратын температурасы төмен болғандықтан, үйдің өртке орану қауіптілігі төмен.

Кемшіліктері:

1 Қызу уақыты. Заманауи ықшам өлшемді люминесцентті шамдар толықтай жарық болып жануына бірнеше минут уақыт кетсе, қызу шамы бірден жап-жарық жанады.

2 Сатып алуға кететін шығын. Көптеген құрылғылардың бағасы төмендегенімен, қарапайып қызу шамдарына қарағанда, люминесцентті құрылғылардың бағасы әлі де қымбат. Мұндай шамдардың орташа бағасы 4$ көлемінде болса, қызу шамдарының бағасы олардан 8 есе кем. Кейбір шет мемлекеттерде оларды тегін беріп те жатады.

3 Сынап. Люминесцентті шамдардың ішінде адам ағзасына қауіп төндіретін сынаптың аз мөлшері болғанымен, олардан бас тартпағаныңыз жөн. Бірақ шам жанып кеткеннен кейін оны қоқыс жәшігіне тастамай, арнайы утилизация жасайтын мекемеге тапсыру керек.

 Сонымен,  қызу шамдарын люминесцентті жарық шамдарына ауыстыру жұмыстары мемлекеттің қолдауымен жүргізіліп жатқанымен, қалың жұрт оларға көшуге асықпай отыр. Бірақ өз тиімділігін көрсеткен жаңа технологиялық өнімге толық көшетін күн алыс емес.

Сурет bc-fas.ru сайтынан алынған.

5924 5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 24 қаңтар 2012, 11:57
Пікірлер
+0
24 қаңтар 2012, 12:25

үйге жер жерге қойып тастау керек))

+0
24 қаңтар 2012, 15:36

Осындай шамдарға көзім үйрене алмай-ақ қойды. Оның үстіне, бір естігенім (рас, өтірігін білмеймін) мұндай шамдар онкологиялық ауруға шалдығуға себепші болады екен.

+0
24 қаңтар 2012, 15:44

кім білсін солай да шығар)

+0
24 қаңтар 2012, 16:02

Нағашыларым жер үйде тұрады. Олардың бөлмелерінде осы шамдар тұр. Шыны керек, көзді ауыртады((

+0
24 қаңтар 2012, 16:19

Бар ғой мына люминесцентті шамдар жынымды келтіреді. Жағымсыз сондай түсі...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...