Кактус та гүлдейді

Кактус та гүлдейді
Фото: cactusgomel.com

Кактусқа көбіміз жай ғана компьютер жанына қоятын өсімдік есебінде қараймыз. Сәулеленуден қорғайды деген аңызға да сенеміз. Алайда ол да басқа гүлдер секілді гүл жарып, жаныңызға қуаныш сыйлай алады. Әрқайсысы әртүрлі гүл жарады. Кактустың кереметін көріп, көзайым болыңыздар.

Кактус гүлдеген соң өліп қалады деген де аңыз бар. Бұл кейде шындыққа жанасады, бірақ жыл сайын гүлдейтін кактустар да болады. Оған тек дұрыс күтім жасай білсе болғаны. Сізге қай түрі ұнады?

@. @assel_assanova