Айналаға қарап ауа райын болжау

Айналаға қарап ауа райын болжау
Фото: nur.kz

Көшпелі халықтар ауа райын табиғат құбылыстарына, жан-жануарлар мен құстардың тыныс-тіршілігіне қарап болжаған. Мұндай болжамдарды көне көз қарияларымыз әлі де айтып келеді. Бүгін назарларыңызға ауа райын табиғат құбылыстарына қарай қалай болжағаны туралы айта кетпекпіз. Ендеше оқып, біле жүріңіздер.

Жылқы ішін тартса, күн бұзылады, пысқырса жаңбыр жауады.

Қой сүзіссе, жел болар.

Сиыр өріске шықпай қойса, не өрістен ерте қайтса ауа райы бұзылады.

Қарлыға аспанда самғап, биікте ұшса – күн ашық, ал төмендеп ұшса жаңбыр жауып, жел болады.

Жаңбыр алдынан балық қармақ қабар, қармаққа ббалық түспесе желден хабар.

Далада көкектің шақырғаны жиі естілсе, алдағы күндер ашық болады.

Шолпан жарқырап туса, егін, шөп, жеміс бітік болады.

Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады.

Тұман жер бауырлап құласа, ашық күннің хабары, бұлт жер бауырлап көшсе – ұзақ жауатын жаңбырдың белгісі.

Ө. Сансызбай