Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Австралиялық олигарх динозаврларды тірілтіп алмақшы

Австралиялық олигарх динозаврларды тірілтіп алмақшы

Австралиялық олигарх динозаврларды тірілтіп алмақшы

Австралияның ең бай адамдарының бірі, көмір магнаты Клайв Палмер динозаврларды тірілтіп алмақшы. 5,3 миллиард доллар байлыққа ие олигарх Стивен Спилбергтің идеясын жүзеге асырып, динозаврларды тірілтіп, осылайша Юра дәуірінің паркін жасап көруді жоспарлап отыр. 

РБК Украина-ның хабарлауынша, Палмер 1996 жылы Долли қойын клондаумен айналысқан ғалымдармен келіссөз жүргізіп қойған. Генетиктер ежелгі кесірткелердің ДНҚ-сын пайдаланып өмірге тірі динозаврларды әкелуі керек. Миллиардер бұл жануарларды жақында ғана сатып алған Кулум курортындағы жағажайда бағуға жоспарлап отыр. Аталған шипажай Брисбен қаласынан 120 км қашықтықта орналасқандығын да айта кетелік. Бұл жерде Юра дәуірінің паркінен басқа алып қонақ үй мен айналаға көз салып, қызықтауға арналған алып айналмалы шеңбер орналасатын болады.

Дегенмен мамандар Клайвтың бұл ойына скептикалық көзқараспен қарайтындықтарын айтуда. Пікір білдірушілердің айтуынша, ежелгі жануарлардың гендері әлдеқашан жойылып кеткендіктен, оларды қайта тірілту мүмкін емес.

ва

Австралиялық миллиардер Клайв Палмер

Клайв Палмер болса, бұл паркке қатысты толығырақ мәлімет беруден бас тартып отыр. Дегенмен магнат болашақта бұл ойының жүзеге асатындығын, не аспайтындығын айтып, хабар беретіндігін хабарлады.

Айта кетелік, Юра дәуірінің паркін жасау туралы біртүрлі идея Палмердің алғашқы "еркелігі" емес. Миллирдер 2012 жылдың көктемінде екінші Титаник кемесін құрастыратындығын айтқан болатын. Оның жоспарынша алып кеменің көшірмесі 2016 жылы әлемдік саяхат жасау керек еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: intrigi-spletni.blogspot.com, AP


4682 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 14 тамыз 2012, 18:31
Пікірлер
+0
14 тамыз 2012, 18:09

Динозавр емес, динозаврға ұқсас әлдебір тіршілік пайда болатын шығар ))) Табиғатпен ойнауға бола ма екен :roll:

+0
14 тамыз 2012, 19:17

"біреулер тойып секіреді,біреулер тоңып секіреді", ақша не істетпейді десеңші :?

+0
14 тамыз 2012, 20:53

динозаврлар тіріліп қойған... киноларда ))

+0
14 тамыз 2012, 21:35

jaksi go dinazavr degen, :lol: :lol: erten adamzat kurp bittse robottar adamdi da klondaidi "iskustvenni intelekt"degen kinodagidai

+0
16 тамыз 2012, 00:13

Спилберг деген рижессер емес па?

+0
16 ақпан 2014, 15:53

динозаврды кайтпекши тыныш отырмай ма

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...