Энергия туралы қызықты фактілер

Энергия туралы қызықты фактілер
Оқырмандарға электр энергиясы туралы қызғылықты фактілерді ұсынамыз.
  • Электр лампасындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шығаруға жұмсалады. Қалған 90 пайыз энергия жылу шығаруға кетеді.
  • АҚШ-тағы тоңазытқыштардың пайдаланатын электр энергиясы елдегі 25 ірі электр стансаларының шығаратын энергиясына тең.
  • Күн жарығының энергиясы бүкіл адамзат баласының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жетеді.
  • Әлемде пайдаланылатын энергияның 3/4 бөлігі пайдалы қазбаларды жағудан пайда болады.
  • 2030 жылға дейін әлем халқы пайдаланатын энергияның мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжанып отыр.
  • Осыдан 5000 жыл бұрын адам баласының қалыпты өмір сүру үшін күніне 12 000 ккал қажет болатын. Қазіргі заманда қалыпты адамның өмір сүруі үшін күніне 230 000 килокалория энергия қажет.
  • Әлем бойынша пайдаланылатын энергияның 0.013%-ы Google компаниясысына тиесілі. Бұл энергия көлемі 200 мың үйді үздіксіз қамтамасыз етіп отыруға жетеді.
  • АҚШ елге керекті энергияның жартысын көмір жағып алады. Жалпы алғанда, әлемде пайдаланылатын энергияның 2/5-і көмірден алынады.
  • Әлемдегі ең үлкен гидроэлектростанция Қытайдағы Үш Бөгет болып табылады. Бұл алып станция миллиондаған қытайлық тұрғынды энергиямен қамтамасыз етеді.
  • Желден алынатын энергия әлемдік айналымның 1,3%-ын құрайды. Жер бетіндегі ең алып жел станциясы АҚШ-тағы Техас штатында орналасқан.
  • Электр энергиясын ең көп тұтынатын ауруханалар АҚШ-та деп есептеледі.
  • Атмосфераның ең басты жауы көмір болып есептеледі. Мысалы Америкадағы көмір жағудан бөлінетін CO2 газы, жер бетіндегі бүкіл көліктердің шығаратын газынан әлдеқайда көп.
  • Әлем бойынша пайдаланылатын бензиннің жартысын АҚШ тұтынады.
  • Әлемдік фактілер кітабына сүйенсек, мұнай 2052 жылға дейін таусылып болады. Ал газ 2065 жылға дейін жетеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: 1001facts.info