Ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады

Ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады
Фото: © Caltech

Америкалық ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады. Калифорниядағы технологиялық институттың ғалымдары − Майкл Браун мен Константин Батыгиннің жұмысы "Астрономиялық журналда" жарияланды.

Астрофизиктердің мәліметінше, Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшардың бар екенін дәлелдейтін айғақ табылған. "Х Ғаламшар" көлемі жөнінен Нептунмен шамалас, ал газ көлемі Жер салмағынан 20 есе, диаметрі Жерден 2-4 есе үлкен.

Сонымен қатар нысанның Күннен ең алыс жатқан ғаламшар − Нептун мен Жердің ара қашықтығынан 20 есе алыста екені белгілі болды. Астрофизиктердің айтуынша, "Х Ғаламшар" Күнді 10-20 жылда бір айналады.

Құпия ғаламшарды ғалымдар әзірше математикалық және компьютерлік модельдеу арқылы ғана тауып отыр. Олардың айтуынша, нысанды телескоп арқылы көру бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін