Тотықұстар 3 жасар баланың деңгейінде ой ойлайды

Тотықұстар 3 жасар баланың деңгейінде ой ойлайды

Австриялық ғалымдар тотықұстың ойлау қабілетінің бар екендігін анықтады. Зерттеу нәтижесінен олардың себеп-салдарлық байланысты түсіну дәрежесі 3 жасар баланың деңгейімен бірдей екендігі белгілі болды.

Тотықұстың логикалық ойлау қабілетін сынап көру үшін ғалымдар мынадай тәжірибе жасапты. Құсқа екі пластикалық кесені көрсетіп, біріне жаңғақ дәнін салған. Содан соң кеселерді бірінен соң бірін сілкіп көрсетіп, жануардың алдына қойған екен. Нәтижесінде тотықұс шыққан дыбыс арқылы жаңғақ салынған кесені танып, қасына жақындап келген.

"Тотықұстар жаңғақ, сілку және шыққан дыбыстың арасындағы себеп-салдарлық байланысты жақсы ұғады. Бұл дейін бұл қабілет тек гоминидтерде ғана бар екендігі айтылып келген еді. Гоминидтердің қатарына адамнан басқа, орангутанг, шимпанзе, горилла маймылдары ғана кіреді", - деді ғалымдар. Зерттеушілер сөз соңында бұндай тәжірибеден адам баласы 3 жастан бастап сүрінбей өте алатындығын айтты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: libertyday.ru