Жарнама туралы қызықты фактілер

Жарнама туралы қызықты фактілер
Ардақты оқырмандардың назарына жарнама туралы қызық фактілерді ұсынамыз:
  • Жарнамада қолданылатын мұз кубиктері әдетте акрилден жасалады. Содан соң жарықтың жақсы өтуі үшін оған су қосылады. Ал көпіршіктер кір жуу ұнтағынан жасалады.
  • Америкалық фармацевтика компаниялары жарнамаға зерттеу жұмыстарынан гөрі екі есе көп ақша жұмсайды.
  • Мальборо темекісі жарнамасының идеясы 1955 жылы пайда болған. Жарнама ковбой образындағы денелі 3 жігіт арқылы жүргізілді. Кейінірек бұл үш актер да өкпе рагінен қайтыс болды.
  • Жарнамаға әлем бойынша жылына 500 миллиард доллар жұмсалады.
  • АҚШ-өмір сүретін азамат 65 жасқа толғанша шамамен 2 миллион жарнамалық клип қарап шығады.
  • Америкадағы алғашқы билборд 1900 жылы орнатылды. Бұдан кейін әлем бойынша билборд дүмпуі орын алды.
  • АҚШ-та балалар тауарларының жарнамасына жылына 15 миллион доллар жұмсалады.
  • Жарнамадағы көпшілік сағаттар 10:10 уақытын көрсетіп тұрады. Бұл сағат тілдері бренд атауымен бірігіп смайлик (күлкі) жасап тұруы үшін жасалады.
  • Америкалық психологтардың айтуынша, жас балалар жарнамаға сын көзбен қарауға қабілетсіз. Себебі бұл сәбилер айналасынан күдіктенбейтін, сенгіш болып келеді.
  • АҚШ-та фаст-фуд өндіретін компаниялар жарнамаға жылына 1,6 миллиард доллар жұмсайды.
  • 2008 жылы саяси жарнамаға 2,6 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсалды. Сайлау кезінде Обама 310 миллион доллар, Мак Кейн өз кезегінде 136 миллион доллар жұмсаған.
  • Жарнамадан жылына 100 миллион доллар пайда тапқан алғашқы басылым «Life» журналы болып табылады. Басылымның пайда болғанға дейін тауарларды халыққа ұсынуы дыбыстық жарнамалар арқылы жүргізілген.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: 1001facts.info