Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Әлем танитын таңбалар (2-бөлім)

Әлем танитын таңбалар (2-бөлім)

Әлем танитын таңбалар (2-бөлім)

Әлем мойындаған ең танымал таңбалар туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.

Жылан және тостаған

Жоғарыдағы нышан бүкіл әлем бойынша медицинаның және денсаулықты сақтаудың белгісі ретінде кеңінен танылған. Негізінде, жылан – ежелден бері данышпандық пен зұлымдықтың нышаны саналып келген. Ал таңбаға енген қиянатсыз жыландар ежелгі Эллада дәрігерлерінің үй жануарлары болған деседі, олар жарақаттарды, ауырсынатын орындарды, қабынған көздерді жалап емдеген екен.

Шығыс халықтары мен африка тайпаларында жылан таңбасы - адам баласының денсаулығымен өте тығыз байланыста. Біздің ұғымымыздағы жылан - адамды бір сәтте өлтіре салатын уға ие қорқынышты жануар. Ал сіз білесіз бе, жыланның аса қауіпті ауруларға таптырмас шипа бола алатын қасиеті де бар. Әдеміше салынған тостағанға оралып келіп, өз уын төгіп жатқан жылан бейнесінің медицинаның негізгі нышанына айналуына дәл осы тұжырым септігін тигізген деседі.

Марс және Венера

Алғаш рет 1751 жылы атақты Карл Линней осы белгілерді өсімдіктердің жынысын білдіру үшін қолданған болатын. Ғалым таңбаларды астрономия саласымен байланыстыра отырып, яғни әйел ұғымы үшінВенераның айнасын, ал еркек ұғымын білдіру үшінМарстың қалқаны мен найзасын алған. Бәлкім, ғалым өзі таңдаған белгілердің дәл бүгінгідей танымал болып кететіндігін ойламаған да болар! Жыныс айырмашылығын білдіретін бұл нышандар көптеген жылдардан бері биология, медицина саласында ғана емес, өнеркәсіпте және БАҚ-да да қолданысқа ие болып келеді. Шынында да, «еркек» немесе «ұрғашы» деген сөздерді жазып жатқаннан, алдыңыздағы таңбаларды қоя салу әлдеқайда оңай емес пе?!

Доллар

Екі аяқты, жұмыр басты пенденің ашкөздік сезімін тудыра алатын құдіретке ие осы бір қаржы нышанын күллі әлем таниды. Нумизмат ғалымдардың айтуынша, S әрпін екіге бөліп жатқанға ұқсас келетін американ долларының бейнесі XVIII ғасырдың бірінші жартысында испандықтарда да болған екен. 1792 жылы енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан Құрама Штаттар өз ақшасын шығару туралы шешім қабылдағанда, дәл осы үлгіні алған көрінеді. Ал S әрпі толқындарды бейнелейді.

Қызық... Көп уақыттан бері келе жатқан рубльдер, фунттар, тұғырықтар мұншама танымалдыққа ие емес. Ал, Америка валютасын нышандайтын доллар белгісі әлемдегі кез келген ақшаның әмбебап белгісіне айналып кетті. Қайсыбір елдің болмасын фильмдерінен немесе мультфильмдерінен мұны айқын байқауға болады. Режиссерге мультфильм кейіпкерінің қаржыға деген қызығушылығын көрсету керек болса, осы американдық армандардың нышанын бейнелей салу жетіп жатыр. Көрермен бәрін өзі түсінеді. Қосымша мәлімет ретінде, аталған танымал таңба тек қана долардың емес, эскудоның, песоның, реалдың, кордобаның және т.б ақша валюталарының белгісі ретінде қолданылатынын біле жүргеніңіз жөн.

Смайл

Заманауи қарым-қатынастарды бұл таңбасыз елестету мүмкін емес. Таңбаны біржола алып тастаңызшы! Сіздің ғаламторда қойған сауалдарыңызға немесе пікіріңізге көптеген адамдар жауап бере алмай қалар еді. Ал эмоциялық сезімдер жеткізілмеген қарым-қатынас сондай көңілсіз емес пе? Ондай сәтте сары бауырсақ кейпіндегі жымиған адам бейнесі сізге көмек бола алады. 1971 жылы смайлик көптеген елдерде тауар белгісі ретінде заңды түрде тіркелген 1997 жылы смайликті тұтастай АҚШ-на иемдеу әрекеттері жүргізіледі, алайда бұл талпыныс сот таласының тууына әкеліп соғады. Нәтижесінде, біздің қуанышымызға орай, сот «таңба -  халық игілігі» деген шешім шығарған болатын.

Бейбітшілік ұғымымен үндес смайлик таңбасын  қолданатын қуанышты күндеріміз қашанда көп болсын!

 

Суреттер:felbert.livejournal.com,richystyle.ru,ivfvip.com,forum-profit.ru,rupark.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6660 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 тамыз 2012, 13:55
Пікірлер
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...