Көз алдымызда көлбеңдейтін не нәрсе?

Көз алдымызда көлбеңдейтін не нәрсе?
Фото: www.visus-novus.ru

Кей сәттерде көз алдымызда кішкене шіркей секілді түссіз бірнәрселер жүреді. Әсіресе тым жарық жаққа, аспанға көз салғанда көз алдымызда міндетті түрде мөлдір бірнәрселер жүзіп бара жатады. Көз қарашығы қозғалған сайын ол да бірге қозғалып, жүзіп не ұшып бара жатқандай әсер қалдырады. Кейде тіпті майда қоқыс қалдығына да ұқсап, жиіркеніш тудырады.

Олардың «muscae volitantes» деген арнайы атауы бар екен. Латын тілінен аударғанда «ұшатын шіркей» деген мағынаға ие. Шынтуайтқа келгенде олар ешқандай шіркей де, қоқыс та емес.

Бұл қызыл қан түйіршіктері, ақуызды түйіршіктер және көз айналасындағы өзге де тін бөліктері. Олар көздің ішкі тор қабығына қабығына көлеңке түсіреді, сол себепті көз алдымызға келеді.

Егер адам жарақат алған не көзге көп салмақ түскен болса, көз алдымыздағы сілікпе тәрізді дірілдеген нәрсе жуандап, түссіздігін жоғалтады. Негізінен шыны тәріздес дене көрінуі қалыпты жағдай. Жарық сәулесі тым көп түсетін жерге қараған кез келген адамға көрінетіндіктен еш қауіптілігі жоқ. Ал тым жиі көрінетін болса, көз көрмей қалу қаупі туады.

Толық мағлұматты бейнежазбадан алсаңыздар болады.

@. @assel_assanova